Home » Жаңалықтар » ТӘЛІМГЕР + ЖАС МАМАН = КОМАНДА

ТӘЛІМГЕР + ЖАС МАМАН = КОМАНДА

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Тәлімгер + Жас маман = Команда» конкурсының екінші  туры болып өтті.

Конкурстың мақсаты: педагогтердің кәсіби  деңгейін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға жағдай жасау, талантты қатысушыларды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, ынталандыру.

Конкурсқа қатысу үшін облыстың түкпір-түкпірінен  шығармашылықпен жұмыс істейтін, жігерлі, жан – жақты,  жетістіктері мол педагогтер жиналды. Филиал директоры Слесарь Марионелла Васильевна конкурсты салтанатты түрде ашып, барлық қатысушыларға табыс тіледі:

«Біз бүгін сіздермен облысымыздың ең үздік педагогикалық командаларын жинап, осы залда бастарын қосып отырған «Тәлімгер + Жас маман = Команда» конкурсының қорытынды кезеңіне қатысушылар болып табыламыз. Ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру және нығайту, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыру – Президентіміздің биылғы жылғы Жолдауында белгіленген басымдықтар. Біздің конкурсымыз нақ осы мақсаттарды көздейді және жүзеге асырады».

Конкурс 2 кезеңмен өткізілді: «Менің дебютім» атты жас педагогтің педагогикалық идеясының таныстырылымы және «Тәжірибе алмасу арқылы даму» шеберлік сабағы.

Педагогтер бейнефильмдердің, таныстырылымдардың, буклеттердің және ақпараттық альбомдардың көмегімен өздерін таныстырып өтті. Шеберлік сабақтары  мазмұнды, шығармашылық жоғары деңгейде әсерлі өтті. Әділ қазы алқасының мүшелері мұғалімдер ұсынған жұмыстарды мұқият қарап, олардың жұмыс дағдылары мен педагогикалық ортадағы білімдерін бағалады.

Конкурс кезеңдері өтті, қорытынды шығарылды, жеңімпаздар анықталды! Марапаттау рәсімінде әділ қазы алқасының мүшелері мен филиал директоры жеңімпаз командаларын марапаттап,  дипломдар мен гүл шоқтарын  табыс етті.

1-ші орынды Әулиекөл ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінен келген педагогтер командасы – Баймолдина Жанар Балтабаевна мен Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы иеленді. 2-ші орынды Қостанай қаласының Манаш Қозыбаев атындағы № 23 орта мектебінен келген тарих пәні мұғалімдерінің командасы – Чеботарева Римма Анатольевна, Абенова Юлия Серикбаевна алды. 3-ші орынды Федоров ауданының Дмитров атындағы № 1 орта мектебінен келген математика, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Валеева Динара Султановна мен Куцепалова Людмила Анатольевна иеленді.

«Педагогикалық ынтымақтастық» номинациясында Сарыкөл ауданының «Солнышко» бөбекжай-бақшасы «Жастық» жеке мекемесінің тәрбиешілері Плотникова Ольга Ивановна мен Руденко Наталья Викторовна, Лисаковск қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Мектеп-гимназиясынан» келген тарих пәнінің мұғалімдері Горбунова Елена Владимировна мен Коробко Кира Владимировна, Манаш Қозыбаев атындағы № 23 орта мектептен келген тарих пәнінің мұғалімдері Чеботарева Римма Анатольевна мен Абенова Юлия Серикбаевна дипломдармен марапатталды.

Бакуменко С.В.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.