«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасында өзімнің кәсіби дамуыма ықпал ететін құнды мәліметтермен таныстым. Мектеп тренеріне жүктелетін міндет жауапкершілікті талап ететінін, өз қызметіме жаңа көзқараспен қарау керектігін ой елегімнен өткізе отырып, әріптестерімнің менен үлкен өзгерісті күтетінін түсіндім. Осы ой мені екі айдағы сабақ мазмұнын терең түсініп, үйренушілеріме барлық жаңа тәсілдерді сабағында қолдану үшін бағыт бердім. Менің алдымдағы басты мақсат — әріптестерімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибесіне өзгерістер енгізу, жаңартылған білім беру бағдарламасымен толық таныстыру болып табылады. Менің үйренушілерімнің қатарында өте тәжірибелі мұғалімдер, жаңаға деген құлшынысы жоғары жас мамандар бар.
Жұмыс жасау барысында әріптестерімді қызықтыру мақсатында топ жұмыстарын сыни ойлауға тарта отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруіне көмек беремін!
Менің байқағаным: үйренушілердің қызығушылықтары артып, өз тәжірибелеріне енгізіп жатқаны қуантады. Сонымен қатар, бұл әдістерді атап айтатын болсақ, Джигсо, «Дастархан», «Эстафета», «Дүкен», «Уақыт бойынша достар», «Айқайлама диктант», «Кинометафора» және т.с.с. талдап, сапалы білім игерген саналы ұрпақ тәрбиелеуде кеңінен қолдануда.
Аталмыш курстағы ең басты мақсат үйренуші алған мәліметті 24 сағаттың ішінде өз тәжірибесіне енгізу қажет. Әріптестерімнің жаңа бағдарламаға деген құлшыныстары жоғары екенін осыдан көруге болады. Жиырма бірінші ғасыр – жоғары технологиялар, жаһандық өзгерістер, білім ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін қандай салада білімді, жаңалыққа дайын болуымыз керек!
Сабақ үлгісі:
3 -күн | 1-2 сабақтар Тренер: Тлеубаева Раушан |
Тақырыбы: | 1-сабақ: Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу 2-сабақ: Құзырлы мұғалім сипаттамасы қандай? |
Мақсаты: | Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды. |
Оқу нәтижесі: | Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді. |
Түйінді идеялар: | Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну, сапалы оқытуды анықта үшін қолданатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру; сапалы оқытуды анықтау үшін жиі қолданатын көздер жеткіліксіз. |
Сабақ барысы: | |
1-сабақ:
| I.А) Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сыныптағы заттар» (сыныптан қандай болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, айтады. Мысалы: мына төбедегі шам менің көңіл- күйім сиякты екен, менің көңіл -күйім осылай жарқырап тұр!) Б) Топқа бөліну: Ойын картасы бойынша топқа бөліну: «Мырзалар», «Қыздар», «Тұздар», «Корольдер» Ресурс: ойын картасы I. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету: Сұрақ: —Мұғалім қандай? Сипаттап беріңіз. -Қазіргі мұғалім қандай болуы керек? -Бұрынғы мұғалім мен қазіргі мұғалім арасында айырмашылық бар ма?
III. Топтық жұмыс: Мұғалімдерге карточкалар таратылады да, оның ішінен мұғалімдер өздері толық келісетін екі көзқарас және келіспейтін екі көзқарасты таңдап алады да қорғайды, өз пікірлерін айтады. «Мінсіз мұғалім» (мұғалімдерге мұғалім қасиеттері жазылған карточкалар таратылады да, маңыздысынан бастап мінсіз мұғалім қасиеттерін жапсырады) Құзырлы мұғалім ол қандай болу керек? Біріншіден психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру, оқушыны түсіне отырып, дамыту қабілеті, әр сабақтан кейін рефлексия жасай білуін дамыту қабілеті жоғары болуы керек. Екіншіден үнемі формативті бағалау, мадақтау, бағалау критерийлерін дайындау, өзін-өзі, өзгені әділ бағалап, сын айтуға үйрету. Үшіншіден сабақ жоспарын құруда 7 модульді ықпалдастыра пайдалану, уақытты үнемді қолдану, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, әдіс-тәсілдердің дұрыс таңдалуы арқылы нәтижелі жұмысты ұйымдастыра білу. Төртіншіден құзырлы мұғалім бүгінгі заман талабына сай оқытуда барлық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды еркін пайдалана білу керек. Бесіншіден құзырлы мұғалім сындарлы оқыту теориясы негізінде оқытып, функционалды сауатты тұлға дайындау керек. Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. |
2-сабақ:
| II. «Мінсіз оқушы»: (төрт топқа оқушы суреті жапсырылған парақ беріледі, суреттегі оқушының жеке қасиеттерін жаз) Нұсқау №1 суретте: Толық емес отбасында тұрады, ауру анасына күтім жасайды, достары көп . Нұсқау №2 суретте: Бұл баланың ата-анасы ажырасқан, достары көп, оқудағы жетістігі, үлгерімі төмен. Нұсқау №3 суретте: Бұл баланың оқудағы жетістігі төмен, достары жоқ, отбасында жалғыз бала. Нұсқау №4 суретте: Бұл баланың оқудағы жетістігі жақсы, Бірақ достары жоқ, ешкіммен араласпайды. Сұрақ: -Қандай оқушыны мінсіз немесе табысты оқушы деуге болады? Түйін: «Табысты оқушы» бұл: — барлық сыныпқа ұсынылып отырған бағдарлама материалын түсіну қабілеті бар; — өз білімін көрсете алатын, түсінгенін жарыққа шығару; — мектептегі жақсы бағалар; (мектепте табысты болу бұл бағалармен өлшенетін тәрізді) — алған білімді өмірде қолдана білу маңызды. — мектепке деген жақсы көзқарас, өз мектебін сүю. — Мұғалім мен оқушының арасындағы жайлы қарым-қатынас. — Сыныптастармен жақсы қарым-қатынас. — Жақсы денсаулық; Видеокөрсетілім: |
Кері байланыс: | «Мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушы қандай болуы керек?» (парақшаларды гормошка етіп орап, оған мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушы қасиеттерін жазып, қорытындылайды) |
Рефлексия: | Топтарға сұрақтар таратылады: — Бүгін мен ….. білдім. — Маған …..қызық болды. — Мен …….жасап көремін. |
Бағалау: | Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау болады |
Тлеубаева Раушан Майданбаевна,
№74 мектеп гимназиясы
Биология пәні мұғалімі, Мектеп тренері
Астана қаласы