Home » Жаңалықтар » «Тәжірбие алаңы» — шығармашыл мұғалімдердің даму кепілі

«Тәжірбие алаңы» — шығармашыл мұғалімдердің даму кепілі

2018 жылдың қаңтар айының 2 жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ 2002 жылдан бастап дәстүрге айналған облыстық шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы» жобасын бастады. Жобаға Қызылорда облысы бойынша 7 аудандық, 1 қалалық білім бөлімдерінен 84 мұғалім қамтылды.

Арал ауданынан 11 мұғалім, Қазалы ауданынан 11 мұғалім, Қармақшы ауданынан 9 мұғалім, Жалағаш ауданынан 11 мұғалім, Сырдария ауданынан 10 мұғалім, Шиелі ауданынан 10 мұғалім, Жаңақорған ауданынан 11 мұғалім, Қызылорда қаласынан 11 мұғалім қатысты.

«Тәжірбие алаңы» жобасына қатысқан мұғалімдердің жас ерекшелігіне тоқталсақ 26-35 жас аралығындағы мұғалімдер жалпы қатысушылардың 45% құрады. Осы жылғы қатысушы мұғалімдердің ішінде жасы үлкені Жоланов Батырхан болса, ең жас қатысушылар болып Мұстафа Нұрхан мен Алтынбек Ұлбала қатысты.

Облыстық тәжірбие алаңына қатысқан мұғалімдердің жұмыс өтілінде 5 жылға дейін- 23,8%, 6-10 жыл-27,3%, 11-20 жыл-30,9%, 21-30 жыл- 14,2%, 30 жылдан жоғары-3,5% құрады.

Қатысушылардың 85,7 пайызы (72 мұғалім) шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің облыстық тәжірибе алаңына алғаш келуі. Қалған 8,3 пайызының кемінде 2 жылға дейінгі қатысу тәжірибелері бар ұстаздар.Осы жылы Шиелі және Сырдария   аудандарының командасы толықтай ауысып, құрамдары жаңарған.

Қатысушылардың 94,4 пайызы біліктілік санаты бар ұстаздар. Олардың басым үлесі – І санаттағы ұстаздар, яғни -33 і (39,2 %). Бұл жолы барлық командалар құрамында жоғары санатты мұғалімдер бар.

Тәжірбие алаңы шарттары бойынша қатысушы мұғалімдер пән бойынша жарысып, поэзия кешіне өлең-жырларын арнап, өздерінің шығармашылық еңбектерін таныстырды.

 

Қарақұлова Бақыттыгүл Мұхтарқызы

Моноторинг және сараптау бөлімінің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.