Home » Ашық сабақтар » Тәжібаева Гүлжан Жұмағұлқызы

Тәжібаева Гүлжан Жұмағұлқызы

Тәжібаева Гүлжан Жұмағұлқызы,
Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы
«Ақтас негізгі мектебі» КММ
«Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісі

 

Ғажайып математика
(Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)

Мақсаты:
Білімділік: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура, кері санауға үйрету,білімге деген құштарлығын арттыру.
Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып салыстыру, санау,топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып санамақ арқылы сөздік қорларын молайту ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа, қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы қызметі:
— Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келіптті. Қонақтарға «Сәлем-тәрбиеннің басы»демекші сәлемдсейік:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей бәріміз,
«Сәлем»дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!(Балалар сәлемдеседі)
Тәрбиеші: — Балалар,бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу қызметі.Мен сендерге «бүгінігі кндерін сәті болсын»деймін.
— Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: — Қыс
— Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: — Үш ай желтоқсан,қаңтар,ақпан.
— Бір аптада неше күн?
Балалар: — Жеті күн дүйсенбі,сейсебі,сәрсенбі,бейсенбі, жұма,сенбі,жексенбі.
Тәрбиеші: — Мен сендерге жұмбақ жасырайын мұқият тыңдаңдар.
Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші,
Бәрінің аты бір,
Ең кішісі шеткісі.
Балалар: Бес саусақ.
Тәрбиеші: Сандарға арналған санамақты кім біледі?
«Бір үйде біз нешеуміз» санамағы.
Амина:Бас бармақ- әкем.
Балан үйрек- шешем
Ортаң терек- ағам.
Шылдыр шүмек — әпкем
Кішкентай бөбек- мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Шыңғыс: Бір дегенім-бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі дегенім –елім,
Далам,тауым,көгім.
Берік:Үш дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
Мансұр:Төрт дегенім-төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар санамақты жақсы біледі екенсіндер. Балалар сандар тату-тәтті дос болып бірге тұрады екен.Жазық далада үлкен емес,кіші емес, бір үйшік тұрады. Сол жазық дала бойымен 1 саны жүгіріп келіп,үйшіктті көреді де есікті қағады.
1саны ешкім дауыс бермеген соң ішке кіреді.
Мансұр:«Осында мен тұрайын» — деп үйшікке кіріп отырады.
2саны келе жатып жазық далада тұрған үйшікке жақын келіп, есікті қағады
Шыңғыс: — Кім бар?
1саны :- Мен бір саны өте нәзік жіңішке.
Бір дегенім-бала,
Санды дұрыс сана.
Сенің қанша атаң бар?
Сенің қанша апаң бар ? Ал сен кімсің?
2-саны:Мен 2 санымын,қызыға сен қарағың.
Екі дегенім-ешкі,
Таудан келер кешке.
Лағы оның қанша?
Ізде келмей қалса.Мен сенімен тұрайыншы.
1-саны: «Менің тапсырмамды орындасан,бірге тұрамыз.Мен тұрған үйдің төбесі неше бұрыштан жасалған?»
2-саны: Санай отырып: «Үшбұрыштан.»
3-саны келе жатып жазық далада тұрған үйшікке келіп есікті қағады.
Әмина: Кім бар?
1-саны: — Мен 1 санымын өте нәзік жіңішке.»
2-саны: — Мен 2 санымын қызыға сен қарағын.
— Ал сен кімсің?
3-саны: Мен үш санымын, құралған екі ілмектен.
Үш дегенім үйім,
Үйде жақсы күйің
Бақшаданда қалма,
Тап-таза боп киін. Мен сендермен тұрайыншы.
1,2 сандары: Біздің тапсырмамызды орындасаң, бірге тұрамыз. Біз тұрған үйшіктің қабырғасы неше бұрыштан жасалған?
3 саны: -Тік төртбұрыштан,- деп, үйдің қабырғаларын санап жауап береді.Үйшікке кіреді.
4 саны Келе жатып, жазық далада тұрған үйшікті көріп, есікті қағады.
Сезім: — Кім бар?
Бір,екі,үш: «Мен, 1 санымын, өте нәзік жіңішке. 2 санымын, қызыға сен қарағың. Мен 3 санымын құралған екі ілмектен. Ал сен кімсің?
4саны: Мен 4 санымын, иілген үшкір шығанағым
Төрт дегенім – түлік,
Жүргін мұны біліп,
Жылқы, сиыр, түйе, қой.
Санаңа мұны түйіп қой. Мен сендермен тұрайыншы.
1,2,3 сандары: Біздің тапсырмаларымызды орындасаң бірге тұрамыз. Біздің тұрған үйшіктің терезесі қандай пішіннен жасалған?
4 саны ойланып: Дөңгелек пішіннен деп жауап беріп, үйшіктің ішіне кіреді.
5 саны келе жатып жазық даладағы үйшікті көріп, жақын келіп есікті қағады.
Берік: — Кім бар?
Сандар:
— Біз 1,2,3,4 саны. Сен кімсің?
— Мен 5 санымын, алда болам әрқашан.
Бес дегенім- білім,
Мектепке де барамыз,
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Мен сендермен тұрайыншы.
Сандар:- Біздің тапсырмаларымызды орындасаң бірге тұрамыз. Біздің тұрған үйшіктің есігінің тұтқасы қандай пішіннен жасалған?
5 саны:-Сопақша.
Тәрбиеші:Осылайша сандар тату-тәтті дос болып бірге тұрады.
-Балалар қандай сандар екен?
Балалар:- 1,2,3,4,5.
Тәрібиеш: — Осы сандармен ойын ойнайық.
Ойын «Қай сан жоқ». Мақсаты:жоқ санды табу.Балалар қызығып ойнайды.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,
2,3,4-алақанды ұрайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай, орнымызды табайық.
Тәрбиеші: Балалар біреу есікті қағып жатқан сияқты, естідіңдер ме?
— Қош келдіңіз. Сіз кімсіз?
— Сәлеметсіңдер ме, менің есімім Жалқаубек. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді, сендер көмектесесіңдер ме?
Балалар:Көмектесеміз. Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма: Әр суретте қанша зат бар екенін санап, цифрмен сәйкестендір,сандар ұяшығына сал.
2-тапсырма: Мына қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар?Түстері қандай?
Үшбұрыш-қызыл түс
Төртбұрыш-көк түс
Дөңгелек-сары түс
Сопақша-жасыл түс.
3-тапсырма: Осы бөлмеден қандай пішіндерді табуға болады? (Терезе, есік тіктөртбұрыш, доптар дөңгелек) Санамақ таяқшадан үшбұрыш, төртбұрыштарды құрастырады.
Тәрбиеші: «Көңілді математика»
1) Қандай зат дөңгелек тәрізді болады?
2) Екі тышқанда неше құйрық?
3) Сендердің жастарың нешеде?
Күн, доп, қарбыз. 2 құйрық. 4 жастамыз.
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Жалқаубек біздің балалардың білімге деген құштарлығын байқаған боларсың.
Жалқаубек:
-Балалар менің сендерге беретін сыйлығым бар, апайларың ендерге таратып береді. Балалар сендерге көп-көп рахмет, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар уақыт бөліп бүгінгі ұйымдастырған оқу қызметіне келгендеріңізге рахметт. Сау болыңыздар! .

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.