2016 жылдың 12 желтоқсанында сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған келесі республикалық және қалалық байқаулардың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді:
– «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасында;
– «ЭКСПО жылнамасы» атты үздік бейнебаянды анықтауға арналған жалпы білім беретін және арнайы ұйымдардың жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.
Тәуелсіздік күні – басты ұлттық мереке. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» дегеніндей, барлық қоғамның шоғырлануы осы міндетті орындауға ықпал етеді. Байқаудың біріктіруші бастауы Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, дамуы мен нығаюындағы рөлін зерттеу болып табылады.
Қоғамдық пәндер мұғалімдері арасындағы қалалық байқауға 27 жұмыс ұсынылса, оның 8-і іріктеу кезеңінен өтіп, 4 қатысушы ұсынған тақырыптары бойынша қазылар алқасының назарына ашық сабақтарын ұсынды. Ал жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасындағы республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне 32 жұмыс ұсынылды, оның 21 – жалпы білім беретін мектептен, 11 – колледжден.
Қазылар алқасына ережеде жарияланған келесі міндеттерді қай қатысушының орындай алғанын анықтау күтіп тұр:
– оқыту мен тәрбиелеудің интерактивті педагогикалық технологиялары мен әдістерін анықтау;
– білім берудегі жаңашылдықты дамыту;
– жаңа, шынайы педагогикалық идеяларды іздеу;
– озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
Елорда мұғалімдерінің ұзақ мерзімді байқауының нәтижесі қандай болса да, ұйымдастырушылар байқаудың мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін арттыруға ықпал етіп, кәсіби шеберлігі мен тұлғалық өсуіне ынталандырады деген сенімде. Жаңа фомацияның мұғалімі – мемлекетіміздің қозғаушы идеялары мен реформаларының трансляторы. Мұндай байқаулар Мемлекет басшысының экономика, саясаттағы, Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу, қазақ халқының Қазақстандағы мемлекет құрушы ядросы ретіндегі этникалық табиғатының күші мен маңызды тарихи миссиясын бекіткен «Мәңгілік ел» – жаңа ұлттық идеологиясы сынды жаңа бастамаларын уақытылы оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ықпал етеді.
Өткізу орын: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.
Тел/факс: 75-12-15, 75-12-12 E-mail: museum _08@mail.ru