Home » Жаңалықтар » Тұңғыш Зияткерлік мектеп 10-жылдық мерейтойын атап өтті

Тұңғыш Зияткерлік мектеп 10-жылдық мерейтойын атап өтті

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің 10 жылдық мерейтойына орай ыстық ықыласқа толы лебіздер естіп,  құттықтаулар мен алғыстар алды. 2019 жылдың 12 қаңтарында Тұңғыш Зияткерлік мектеп ынтымақтас достарын, әр жылғы түлектерін, педагогикалық жұмыс ардагерлері мен құрметті қонақтарын туған күніне жинады.
Қонақтарды кіре берісте «Zite Not» вокалды-аспаптар ансамблі ән-шашумен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мереке қарсаңында қонақтар “Таңқалдыр мені” атты оқушылардың ғылыми жобалары мен  шығармашылық жұмыстарының көрмесін тамашалай алды. Сондай-ақ, мерекеге қатысушылар назарына «Фотосуреттердегі мектеп тарихы» фотокөрмесі, «Битва титанов» сайысы мен мектептің шығармашылық ұжымдары- халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары: “Жігер” домбырашылар ансамблінің, фольклор және би ансамбльдерінің, көлеңке театрының әртістерінің өнері ұсынылды.
10 жылдық мерейтойдың басты ерекшелігі — мектеп түлектерінің бірінші форумы болды. 120-дан астам түлек қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады, өз идеяларын ортаға салып, даму бағыттарын анықтады. Форумды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымының орынбасары Назипа Аюбаева құттықтау сөзімен ашты. Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің қауымдастығы туралы баяндаған Қауымдастық өкілдері елордалық бірінші Зияткерлік мектеп түлектеріне естелік төс белгілер табыс етті.
Форум аясында түлектер мен 10-12 сынып оқушылары мемлекеттік басқару органдары және бизнес өкілдерімен  сұхбат алаңдарында кездесті. Сұхбат алаңына арнайы шақырылған қонақтар қатарында: ҚР Қаржы Вице-министрі Енсенбаев Руслан Сатбекұлы, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар ісі бойынша Комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Асхат Раздыкұлы Оралов, ҚР Сыртқы істер Министрлігінің инвестициялар бойынша Комитетінің төрағасы Хаиров Ерлан Картайұлы, «Recycling Company» ЖШС бас директорының кеңесшісі Жанкулиева Сауле Аманжолқызы, дизайнер, этнолог, қоғам қайраткері Ханым Айдаш, дизайнер, суретші, этнология магистрі, еңбек сіңірген қызметкер Айжан Жүзбай бар.
Кездесуден кейін өзінің жеке парақшасында ҚР Қаржы Вице-министрі Руслан Енсенбаев: “Біздің пікірталасымыздың  тақырыбы экономиканы ақпараттандыру, болашақ дағдылар мен мамандықтар жайлы болды. Әртүрлі жобалардағы тәжірибеммен бөлісіп, жастарға бірқатар кеңістер бердім. Қызақ сұрақтар көп болды. Түлектер әлемнің көптеген озық жоғарғы оқу орындарында оқиды, кейбірі елімізде немесе шетелде жұмыс істейді. Бұл балалар әлі Қазақстанымыздың дамуына үлкен үлес қосады!” — деп жазды.
 Қазақстанды дамытуға күш салу болу керек. Ол сіздердің қолдарыңыздан келеді» — деп қорытындылады «Дизайн және құрылыс» атты сұхбат алаңының жұмысын этнолог-дизайнер Ханым Айдаш.
Форумнан кейін мерейтой құрметіне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында педагогикалық еңбек ардагерлері мен мектептің құрылуынан бастап жұмыс істеп келе жатқан мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері марапатталды.
Мереке соңында мемлекеттік қайраткер Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтап, Зияткерлік мектептің түлектері мен оқушыларына ақ батасын берді.

 

 

Астана қаласы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.