Қарағанды қаласындағы №36 жалпы білім беретін орта мектепте «Тәуелсіз елдің батыры, тұлға тағылымы» тақырыбында кездесу өтті.
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Ал Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Отанымызда бейбітшілік пен тұрақтылықтың байыпты орналасуы – қарулы күштердің қорғаныс қабілетіне байланысты. Армия айбынды, қорғаныс қуатты болса – Тәуелсіздіктің тұғыры да беки түседі. Мектеп оқушыларына Қазақстан Тәуелсіздігі құндылықтарын насихаттау, Отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген жауапкершілікті жетілдіру мақсатында кездесуге бейбітшілік үшін тер төккен, тұлғалы азаматтар ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Теңіз шекара қызметінің запастағы офицері, жерлесіміз, контр адмирал — Әбикеев Кенжеберген Қабышұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, өлкетанушы – Қуанбаев Аманжол Сабыржанұлы қатысты. Кездесудің алғы сөзін мектеп директоры Ізтөлеуова Сәуле Далабайқызы ашты. Мектеп басшысы өз сөзінде кіндік қаны тамған, топырағында аунап, қаз басқан қасиетті мекеннің тарихын білу – әрбір қазақстандықтың парызы.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында осы мәселеге басты назар аударып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынғанын атап көрсетті. Туған жеріміздің мақтаныштарын ұлықтау, тәуелсіздікке үлесі зор азаматтарды насихаттауға «100 жаңа есім» жобасы республика көлемінде жүзеге асырылғанын, мектеп жобасына да еңгізілгенін, жаңа есімге лайықты біздің өлкеден шыққан тұңғыш конт-адмиралды мектеп оқушылары мақтан тұтатынын атап көрсетті.
ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, өлкетанушы – Аманжол Сабыржанұлына «Аманат» атты кітабында және «Орталық Қазақстан» облыстық газетінде «Қыр баласы – контр-адмирал» деген мақаласында жариялаған контр адмирал Кенжеберген Қабышұлы туралы жариялаған мәліметтерді мектеп оқушыларына жақынырақ таныстырды, нар тұлғалы жерлес батыр ағамыздың өмірбаянына тоқталып, осындай ерлерден үлгі алуға үндеді. Құрметті қонақ Кенжеберген Қабышұлы өз кезегінде, Қарулы Күштердің Теңіз шекара қызметінде, Жағалау күзетінде қызмет атқарғанын, Теңіз қақпасын қорғаудағы еңбегін, өміріңіздегі ерекше жағдайлар, әскери қызметтен алған тәжірибесін еліміздің болашағы жастарға әңгімелеп берді. Оқушыларды Қарулы Күштердің теңіз қорғанысы қарқынды дамып жатқаны туралы әскери оқиғалар қызықтырды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақатырн қойып, сұрақтарға тиісінше жауаптарын алды.
Шарар барысында 4 -сынып оқушыларының «Тәуелсіздікке арнауы» жыр толғауларын оқыды. Отан алдындағы парызын өтеуге, азаматтық борышын әр азамат өз еркiмен орындауына патриоттық тәрбиенiң берері зор. Жалпы Қарағанды қаласындағы № 36 мектептің оқушылары әскери борыштың қаншалықты маңызды екендiгiн жақсы түсінетіні, оқушылардың әскери дайындығынан аңғарылды.
Әсел Құсайынқызы ,
Қарағанды облысы.
«Білім айнасы»