Тұңғыш президент күні — 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше, тарихы да тереңде жатыр.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы — аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екені бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады.
1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының педагог ұйымдастырушысы Сарбасова Жанаргүл Шамкенқызы, музыка және көркемдік жетекшілері Мардан Көркем Тауфикқызы, Қибади Шахмардан, Нагимтаева Айнаш Қонақбайқызының ұйымдастыруларымен «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, 1 – желтоқсан Президент күніне орай «Тұлға. Елбасы. Тарих» тақырыбында мерекелік ауқымды шара өткізілді.
Кеш өте тартымды өтті. Мектеп директоры Салтанат Сейітжанқызы мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтап, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың биік парасаттылығының маңызын тілге тиек етіп, отаншылдық пен патриоттық сезімді болуға шақырды. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Саликова Елмира Мергенбайқызы,
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы