Халқымыздың даналығында «Адамның бақыты балада» деген оралымды сөз айшығы бар. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.
Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде балабақша мен отбасы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Осы мақсатта КМҚК «Балапан» ясли бақшасы ата-аналардың қажеттілігі, қызығушылығы, педагогикалық құзыреттілік деңгейін ескере отырып ағартушылық кеңестік жұмысты жүзеге асыруда. «Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру» тақырыбында семинар өтілді. Ата-анамен бірлесе отырып, бала тұлғасын дамытуға бірыңғай білім мен тәрбие кеңестігін қалыптастыру міндетін орындауда семинар барысында ата-аналармен бірлескен «Қыс қызығы» көрмесі ұйымдастырылып, тәрбиеші Тоғызбаева А.Е. «Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Алтын шашырандылары бөлімінде тәрбиешілер Ж.Б. Төреханова, К.Б. Сейтуова, Г.М. Дюсембаева, Н.И. Тлеккабылова өз тәжірибелерімен бөліссе, ата-аналарға арналған тренингті тәрбиешілер Ж.С. Нұртазаева, А.А. Жукешова, А.Н. Төлегенова жүргізіп, ата-аналармен пікір алмасты. Семинарда өз ойларымен бөліскен ата-аналар Г. Бисенбаева, М. Адилова, Ж. Қойшиева, Н. Оңғарбаев, Ж. Нұрапилова, т\б.
Ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесінде тигізетін ықпалы нәтижелі болмақ.
Б.К. Амантурлина
КМҚК «Балапан» ясли бақша әдіскері,
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы