Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Түстердің адамға әсері

Түстердің адамға әсері

Әрбір түс өз-өзімен көп мәнділік. Ол адам ойына, тәртібіне, денсаулығына және де адамдар қарым-қатынасына әсер етеді. Егер түс тілін түсіне білсеңдер, онда ақыл-ойың толығады, денсаулығың жақсарады, сырқатты халың жойылады және шешілмеген жұмыстарың орындалады. Әрбір түстің-физикалық сипаттамасы бар, энергияның бағытталған тасқыны.

Түстердің ықпалы мол болғанымен қатып қалған қағида жоқ. Тек, түстердің бізге әсер ету құбылыстары туралы ғана айтуға болады.

Қандай түс және біздің ағзаға қалай әсер етеді?

Жүз жылдары бойына әр ел өзінше түстермен емдеу шараларын жүргізген. Мысалы, ертеде балаларды қызыл матаға орап қызылшадан емдесе, өкпе ауруларын көк түспен емдеген. Бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан зерттеліп, оның нәтижелілігі дәлелденіп отыр. Өкпе аурулары санаторийлерінде қабырғаларды көкшіл түске бояуы бекер емес, бұл иммунитетті күшейтеді. Косметологиялық кабинеттерде дәрі-дәрмекпен қоса түстермен емдеуді де жүзеге асырады. Безеу шыққанда және бет терісін тарту қажет болған жағдайда қызыл, қызғылт сары түсті жарық түсіру процедуралары жүргізіледі екен. Түстермен емдеу қасиеті біздің ағзамыздың негізгі зоналарының толқынына сәйкес негізделген. Дұрыс алынған түс, ауырған зонаға қолданған кезде, ағзаның жасушалар толқындары үйлесіп денсаулықты жақсартады. Жиіліліктік – резонанстық емдеу болады.

Қызылең күшті түс. Оны қираушы деп атайды. Ол адамды дамылсыз іс-әрекетке итермелейді және үнемі жігерлендіріп отырады. Бұл түстің тазарту қабілеті бар: депрессияны және жаман көңіл күйді жояды, бұлшық етті жеңілдетуге көмектеседі. Қабынуды жоюға мүмкіндік туғызады, сондықтан суық тиіп ауыратын адамдарға қызыл түсті киімдер кию қажет. Егер шаршап, ұйқыңыз келсе немесе бір жұмысты бастай алмай тұрсаңыз, онда жұмыс істеп жатқан бөлмеңізді қызыл түспен әшекейлеңіз. Қызыл гүл, ашық қызыл түспен салынған сурет көрінісін іліп немесе столға қызыл зат қойыңыз. Ас үйге де аздап қызы түс қосыңыз. Ол таңертеңгілік адамның тәбетін ашып, сергітеді. Жүйкеңіздің орнына келіп, шамданғыштық кетіп, сергектігіңіз оянғанын байқайсыз. Бірақ, қан қысымыңыз жоғары болса, қызыл түс сіздің ахуалыңызды күшейтіп, бар ауруыңызды асқындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан емді қысқа мерзімде жасау керек.

Сарытамаша санитар. Көңілді түс. Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі. Ол уытты ағзадан тазартады, салмақты бақылайды, жүйке жүйесін қатайтады, ойдың айқындығына және дұрыстығына мүмкіндік туғызады, білімге құмарлықты оятады. Бұл түс жігерлі адамдарға тән. Депрессиядан, өмірге қапас көзқарастан құтқарады, көңіл күй сыйлайды. Сары түстің энергиясымен барлық қиыншылықтардан өтесіз. Жүйкені жұбатады, ми және көз жұмыстарына дем береді, бүйректі, ішекті, теріні тазартады. Өтті, іш айдағыш құрал болып табылады. Диабет. Ас қорыту жүйесі, бүйрек, ішек ауруын емдегенде қолданылады. Бірақ температура қозғанда, қабыну үрдістерінде, невралгия және көзді елестерде және теңіз ауруларында қолдануға болады. Бірақ қабырға қағазын /обой/ жапсыруға болмайды.

Сарғыш түс – ең емі күшті түс. Ол өкпе, жүрек және эндокриндік аурумен ауыратын адамдарға көмектеседі. Бүйректі, қуықты сауықтырады, бүйрекүсті бездің жұмыс істеуін ширатады, тәбетті қоздырады. Сарғыш түспен психикалық олқылықты және депрессиялық күйді емдейді, одан басқа қорқақтыққа көмектеседі. Бөлмеде сарғыш жайма төсеп-жол болмауды жоюға болады. Бұл түс сезімге түрткі салады және қанның солқылдауын тездетеді, қан қысымына әсер етеді, ішкі темір секциясының жұмыс істеуін жандандырады. Ол алмастыру үрдістерін реттейді, зәр шығару жүйесін емдейді, қан айналымын, беттің түсін жақсартады, ас қорытуына жақсы әсер етеді, бірақ оның әсері мөлшерден тыс болмауы керек. Себебі тез шаршатады.

Көгілдір түс –тарту күші өзгерістерді қалайтындығын белгілейді. Ой күйзеліс және толқыған кезінде көмектеседі, қабынуды, қан қысымын төмендетеді, қан кетуді тоқтатады, асқазан ауырғанын төмендетеді. Қаншама адам ұйқысыздыққа шалдығады, ал ұйықтаған кезде көгілдір абажурды қоссаңыз ұйқыңыз біркелкі және терең болады. Бұл түс жақсы жеңілдетеді, тыныштандырады. Демалатын бөлмеде көгілдір түс болса жақсы әсер етеді.

Көк түс – бронхит, астма, бас сақинасында, бүйрек ауруларында жақсы көмектеседі. Көк түсті жақсы көруі арқылы адамдардың есірткіге, араққа, темекі шегуге тәуелділігін шығаруға болады екен. Эмоционалды күйзеліске ұшырағандарға көмектеседі, шабытқа түсуіне мүмкіндік туғызады. Вегетативтік тынышталуына мүмкіндік туғызады. Тамыр соғуы, қан қысымы, демалу тазалығы және сергектену функциясы төмендейді. Ағза тынышталады, демалады. Ауырған кезде және қатты қажыған кезде көк түстің қажеттілігі ұлғаяды. Байсалдылық, қанағаттылық белгісі.

Қызғылт сары – тым агрессивті түс. Тез шаршатады. Пәтерде бұл түсті қолданбаған дұрыс. Не болмаса өзге түстермен «жұмсартады».

Жасыл түс – Адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Кеуде клеткасында орналасқан мүшелерге және жүрекке жақсы әсер етеді, жаман сезім билеушіліктен және күйзелуден сақтайды. Қызуды төмендетеді, тұрақтылықты қалпына келтіреді. Бүйрек жұмысын жақсартады, қан қысымын тұрақтандырады және жүйкені қалпына келтіреді. Қабілеттілікті арттырады. Егер де сіз қобалжып тұрсаңыз, батылсыздықты сезсеңіз, онда көзіңізді жұмып алдыңызға жасыл түсті елестетіңіз. Жасыл барлық жерге үйлеседі. Жаман сезім билеушілікті жояды. Ол тыныштық пен татуластықты әкеледі, топталып шешім табуға көмектеседі. Тыныштық қабілетті, тонусты көтереді, қан тамырларының жиырылуын жояды, капиллярды кеңітеді, қан қысымын төмендетеді, жүрек тамырларын, жүйке ауруларын емдейді және қажу, есіру ауруларына қарсы әлсірету қызметін атқарады. Офтальмологтар жасыл фильтрлі көзілдірікті киюді ұсынады. Ол ішкі көз қысымын төмендетеді. Жұмыс кабинетінде жасыл түстің болғаны жөн. Ол табандылықтың, белсенділіктің түсі.

Күлгін түс өте ауыр түс. Оны өте байқап пайдалану қажет. Депрессияны шақырады. Көп жағдайда үйлесімділікке құштар түс. Келісім түсі деп те аталып жүр. Күлгін мен сары қосылса романтикалық сезім тудырады. Іштен қабыну ауруларына пайдаланады. Ол жүректің қатты соғуын бәсеңдетеді, бас сырқаттарына қарсы пайдаланады. Иммундық жүйені қолдайды, жүйкені басады, ауырған, шаршаған көзге пайдалы. Тәбетті төмендетеді. Салмағын азайтқысы келгендер тамақ алдында күлгін түске көбірек назар аударулары керек. Ашық күлгін түс адамның сезім қабілетіне әсер етеді және көру қабілетін жақсартады, қанның толқуын төмендетеді, көкбауырдың қызметін жақсартады. Баланың бөлмесіне күлгін астарлы шағын сурет ілсе оны оқуға ынталандырады.

Қоңыр түс – қорқыныш пен шарасыздық сезімін тудырады. Бөлмелерде өрнек түрінде қолдануға болады. Сондай–ақ, қонақ бөлмеде бұл түс маңыздылық береді. Жүйке әлсірегенді басады.

Ақ түс – адамның шаршауын, қозуын басады. Көз қарашығын кішірейтеді, сезімділікті ұлғайтады және ауруды қатайтады, эндокриндік және көру жүйесінің функциясын басқарады.

Күміс түс жүйкені басады. Іш құрылыстарының жұмыстарын жақсартады, бүйрек ауруына жақсы әсерін тигізеді.

Қара – мазасыздық, тұйықтық белгісі, жағымсыз көңіл-күй, ашушаңдық.

Сұр түс — түрлі реңктері кеңселерді әшекейлеуге қолданып жүр. Қорқыныш, сенімсіздік, мазасыздық тудырады. Кері әсерін жою үшін сары түсті элементтерді көбірек қолдану керек.

 

 Әдебиеттер

 1. Назарбаев Н.Ә.«Қазақстан-2030:барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

3. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы. 1993, 3 том Алматы Жазушы 2008

4. А.А.Аканов «Формирование здорового образа жизни в Республике»// Валеология. Физвоспитание. Спорт-2004-№1

5. А.В.Ахаев. «Здоровьесберегающие технологии обучения ВКГУ имени С.Аманжолова», 2004

 

Торебекова Эльмира Абсематовна,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институттың «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистрі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.