Усманова Минавар Қалбекқызы
«І.Жансүгіров ЖОМ» технология пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақ халқының мәдениетімен салт дәстүрімен, ұлттық қол өнер ұлттық киім үлгілерімен таныстыра отырып, түскиіздіңжасалу жолдарын,үйрете келе түскиізді пішіп тігіп, әсемдеп безендіре білуге үйрету. Оқушылардың өнерге деген ынта қабілетін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушылардың ұлттық өнерді жете білуге, шеберлікке, сәндік талап қоя білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды топқа бірлесіп қауымдасып жұмыс жасайды, өз ойларын ортаға салып,сыни түрғыдан талдау, жасап, ойларын еркін жеткізеді.
Сабақ әдісі. Сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: түскиіз түрлері,төсеніштер,үлгілер, ою — өрнектер түрлері.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет,бейнелеу өнері, математика.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды талапқа сай отырғызу, оқу құралдарын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Қызығушылығын ояту( сұраққа жауап, стратегиясы)
1.Ұлттық қол өнер түрлерін атаңдар?
2.Ұлттық төсеніш түрлерін атаңдар?
3.Түскиіздің неше түрі бар?
Мағынаны тану. ЖИРСО стратегиясы қолданамыз.
Жаңа сабақ.Түскиіз екі түсті киізден ойып жасалады, киізге барқыттан, шұғадан ою ойып, жасырып тігеді. Табиғи материалдар және оларды өңдеу жолдары:
а) киіздің жасалу жолдары
б) түскиіздің жасалу технологиясы
Қолданбалы өнер саласында түскиіз сыру технологиясын әртүрлі киізден ойылып жасалатын төсеніш, киіздің бір түрі.Атадан балаға мұра болып келе жатқан сырмақ сыру өнері бірінен-бірі тарап әрбір ұрпақ өкілдерінің өз жаңалықтары, элементтері, сырмақ сыру өнерін танытып, байытып отыр.Түскиізге арналған киіздің ақ киізі бір бөлек жұқа, әрі қатты иленіп басылады, кейіннен екі түсті киізді бірдей етіп беттестіріп, үстіне
үлгілерін салып,бірдей үлгімен ойып алатын болған.Ойылған оюдың ағын қараға, қарасын аққа апарып қиюластырып тігеді.Түскиіздің сәні сырмақ, өрнекке тоқылатын бұйым.
Ісмерлікке пайдаланатын зат.Қойдың жүнін жобалап, жүн, күзен жүн, қозы жүні, өлі жүн мен пұшпақ деп 5 түрге бөледі.Күзен, қозы жүндерден киіз басылады
Түскиіздің жасалуы.
Түскиізді екі күн бұрын таңдалып,ол көбінесе қозы жүнінен алады.Үлпілдеген жарамды жүннен түскиізге арнап бет болады.Алдын ала көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады.Түскиіздің беті киізбен, матамен астарлап сырылады.
Түскиіз эскизін жасау жолы.
1.Ою түрін таңдау
2.Қағазға ою салу
3.Қайшымен оюды қырқу
4.Дайын оюды матаға орналастыру.
Сұрақ.Сергіту
Жайылатын жұмсақ бұйым?
Сырып тігілетін төсеніш?
Жүннен жасалынып,түр салынған төсеніш?
Қой жүнінен жасалған үй бұйымы?.
Жұмбақ.
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді 18 млн киіндіріп,
Дүниеден жап жалаңаш өзі безді (Ине)
Екі басты жалмауыз,
Керіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен-өзі қашады. (Қайшы)
Мақал-мәтел
1.Жеті рет өлшеп,бір рет кес.
2.Өнерлінің қолы алтын.
3.Ою ойсақ ойланып, өсер сенің өрісің.
4.Кедейлік деп қысылма, өнерің болса қолыңда.
5.Еңбек үйренемін десең ерінбе,
Өнер үйренемін десең жерінбе.
Сарамандық жұмыс.
Түскиіз элементтерін кестелеп тігу
Құрамдары, қағаз үлгісі, мата қиындысы, қайшы және жіп, түйреуіштер.
Берілген эскиздер бойынша өрнек түрін салу, матаға түсіру.Берілген өрнектер композициясын жасау.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Сарамандық жұмыс:
1.Қол тігіс орындау кезінде қауіпсіздік ережесін ескерту.
Жұмыстың орындалу реті.
1.Түскиіз астарын дайындап аламыз?
2.Ою оятын мата түрлерін дайындаймыз?
3.Салынатын оюды ойып дайындап аламыз?
4.Астарға оюды қойып көктеп аламыз,үстінен тесмамен бастыры тігеміз?
Ой толғаныс.
«Шебер тобы»
Түскиіздің түрі мен ерекшелігін айтады?
«Зергер тобы»
Түскиізге қандай ою өрнек салынғанын түсіндіреді?
Сабақты бекіту.Топтастыру стратегиясы
Сабақты қорытындылау.
Үйренгенің өзіңе құт, істегенің өзгеге құт»
Дегендей, бүгінгі сабақта алған білімдеріңді ары қарай дамыта, отырып сәндік қолданбалы өнер түрлерін жалғастыратын өздерінсіңдер.
Үйге тапсырма: Түскиізді бітіріп келу.