Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу.
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, шарлар әлемімен таныстыру, мерекелер туралы түсіндіру, балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамыту, түстерді атай білуге үйрету; жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы сурет салуды, қылқаламмен жұмыс жасауды үйрету, көрсету; достыққа тәрбиелеу, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жүргізілетін жұмыстар: шарлармен ойнайды.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, қызықтыру, әңгімелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ақ қағаз, карындаш, акварель бояуы, су, сүлгі, қылқалам, түрлі-түсті шарлар, сурет, слайд.
Билингвалдық компонент: түрлі-түсті — разноцветный — multcolored, шар — шар — balls.
— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді.
Бәріміз «Шаттық шеңберге» тұрып, қолдарымыздан ұстап, келген қонақтармен амандасып алайық.
— Сәлеметсіздер ме, балалар!
— Здраствуйте дети!
— Hello children!
— Балалар шеңбер бойында тұрып, қонақтармен 3 тілде амандасады.
— Балалар, қараңыздаршы біз қандай геометриялық пішін жасап тұрмыз?
— Дөңгелек.
— Дұрыс айтасыңдар. (дөңгелек)
— Айналамызға қарайықшы (қоршаған ортаға). Қалай ойлайсыңдар, дөңгелекке ұқсас не көріп тұрсыңдар?
— Балалар жауаптары: доп, күн, шар т.б.
— Шарды біз қай уақытта пайдаланамыз?
— Ойын кезінде, мереке күндері безендіру үшін пайдаланамыз.
— Балалар, мынау шар. Шар резинадан жасалады. Шарға химиялық қоспалар қосып, түрлі-түсті бояулармен бояйды. Шарды үрлесек, созылады, үрілген шардың іші толы ауа болады, шарды қатты қыссақ, қысыммен жарылады, ине тықсақ, қатты тарс етіп жарылады.
— Қане, бәріміз ортаға жиналып, ауаға толы шар болып үрлейікші.
— Балалар ортаға жиналып, ашылады.
Ғажайып сәт:
Есік қағылып, топқа сайқымазақ жүгіріп кіріп, Тентекгүлден қашып айнала жүгіреді, Тентекгүл сайқымазақтың шарын жарып тастайды, Сайқымазақ отыра қап жылайды.
Балалар қызығушылықтарын білдіреді.
— Тентекгүл, сен неге Сайқымазақтың шарын жарып тастадың?
Тентекгүл: -Сайқымазақ мені өз мейрамына алып барғысы келмейді. Енді ол мейрамға шарларсыз бара алмайды.
— Балалар, Тентекгүлдің бұл ісі дұрыс па? — Жоқ.
— Сайқымазақ сен жылама, біз саған қазір түрлі-түсті шардың суретін салып береміз.
— Сен бізге уәде бересің бе?
Сайқымазақ: — Иә, қандай?
-Сен Тентекгүлді өз мерекеңе алып барасың ба?
Сайқымазақ: — Иә.
— Балалар, қараңыздаршы, Сайқымазақтың қолында неше шар бар?
Балалар: — Үшеу.
— Қане санайықшы, түстерін 3 тілде айтайықшы.
Балалар: -Сары, желтый, yeellow.-көк, синий, blue. — қызыл, красный, red.
— Біздің балалар – қолдарынан өнер тамған суретшілер, қазір біз сіздерге арнап түрлі-түсті шарлардың суретін салып береміз.
— Ең алдымен шардың суретін ауада салайық.
— Балалар қайталап, ауада сурет салады.
Бой сергіту: «Кім тез үрлейді?» дидактикалық ойын.
(Ауада қолдарымен шарды бейнелеп, көздеріне елестете үрлейді)
— Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды. Пішіндерін домалақ, сопақ, ұзын, ирек етіп, сурет салады.
— Қолымызға карындашты алып, ең алдымен сол жаққа, қағаздың ортасына, оң жағына шардың суретін салып аламыз, үрілген шарды жіппен байлап, жіптің суретін саламыз, енді шарды толығымен, өзімізге ұнаған бояумен бояймыз.
— Балалар жұмысқа кіріседі, Сайқымазақ пен Тентекгүл көмектеседі.
— Жұмысымыз аяқталса, шарларымызды жинап, Сайқымазақ пен Тентекгүлге берейік.
— Балалар жақсы көңіл күймен Тентекгүлге береді.
Тентекгүл: — Балалар, менде өзіммен бірге алып жүрген сиқырлы сандығым бар, сендердің суреттеріңді мен сиқырлы сандықшаға салып, сиқырлайын. Ақалай, мақалай, міне, оппа деп Сайқымазақ 3 түрлі-түсті шарды, сандықшаның ішінен алып шығады.
— Балалар қызығушылық танытады, қуанады.
Тентекгүл мен Сайқымазақ балаларға рахметтерін айтып, еңбектері үшін үрілмеген шарларды сандықтың ішінен алып шығып, балаларға сыйлайды.
Сайқымазақ пен Тентекгүл балалармен қоштасып кетеді.
Балалар ризашылықтарын білдіріп, қоштасады.
— Балалар бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
— Сайқымазақ пен Тентекгүл.
— Сайқымазаққа қалай көмектестік?
— Сайқымазақ Тентекгүлді өз мерекесіне ертіп бару үшін, шардың суретін салып, сыйладық.
— Иә, балалар сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Әр түрлі шарлар салдыңыздар, қараңыздаршы, айнала түрлі-түсті болып құлпырып кетті.
— Балалар салған суреттерін көрмеге іліп, өздері баға береді.
— Сау болыңыздар, балалар! — До свидания, Good bye.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мереке туралы мәліметтермен танысады:
Қандай түсініктерді игереді: есте сақтау қабілетін дамытады, шардың суретін салуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: пішіндерді атап, ажырата білуге дағдыланады.
Венера Бахытжанқызы Казиева,
Орал қаласы, БҚО
№46 «Ақжайық» бөбекжайының
бейнелеу өнері пәні мұғалімі