Home » Балабақша » «Түрлі-түсті асықтар»

«Түрлі-түсті асықтар»

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ойындары да осыған икемделген.Осыған орай асықпен байланыстырып ортаңғы топ балаларына «Түрлі-түсті асықтар» ойының ойнатуға болады. Бұл ойында әр педагогтың тапқырлығы,шеберлігіне байланысты ойын шарттарын өзгертіп  жас ерекшеліктеріне қарай ойнатуға болады. «Түрлі-түсті асықтар» ойыны логикалық ой-жүйесін дамытып берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге,тапқырлыққа,шапшандыққа,есте сақтау қабілетін жақсы болуына өз еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өзге ұлт және жас ұрпақты  ұмытылып бара жатқан асықпен таныстыру,қолдарымен ұстап оны ойын барысында қолдану арқылы түстерін ажырата білу. Балаларды ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын барысында мақал-мәтелді анық айта білу.Сөздік қорын байыту. Қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

« Түрлі-түсті асықтар »

Мақсаты:  Балаларды берілген тапсырманы  ойлана отырып шешуге, тапқырлыққа, шапшандылыққа баулу. Ойын шартын түсініп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақтарды дұрыс, анық айта беруге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ойлауйн дамытып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Түрлі түсті асықтар, тапсырмалар жазылған хат.

Ойын шарты: Түрлі-түсті асықтар қалта ішінде болады. Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр асықта  тапсырмалар әр түрлі. Ол тапсырмалар  осы түстерге сәйкес конвертке салынған. Егер бала жасыл асықты алса, жұмбақ жасырамын.

Жасыл асық :Жұмбақ жасырылған, алған бала шешеді.

Сары  асық:   Мақал-мәтел айтады.

Қызыл асық:  Санамақ, өлең оқу.

Жасыл асық .

Жұмбақ.

Суды жақсы көреді,

Одан шықса өледі.

Бұл не?

              (Балық)

Сары  асық:  

Отан- отан  да ыстық.

Отансыз адам –ормансыз – бұлбұл.

 

Қызыл асық:

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортаң терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Титтей бөбек  — мен,

Бәрінің базары.

  Науанова Жанар Алиевна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№48 «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.