Петропавл қаласының
«Ғабит Мүсірепов атындағы
№ 43 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Әубәкірова Ләззат Ерденқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түркістан туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихи мұра жәдігерлерін кұрметтеуге, ұлттық құндылық ретінде болашақ ұрпаққа жеткізу жауапкершілігін ояту.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, карта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Сәлемдесу
Сабақ жақсы өту үшін, бір-бірімізге тілек тілейміз. «Шаттық шеңберін» құрамыз.
Тілек айту (мұғалім оқушыларға, топтан бір оқушыдан мұғалімге)
— Балалар мен бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін, сабаққа белсенді қатысуларыңды тілеймін.
Ал сендер бір-бірлеріне не тілер едіңдер?
Тақырыпқа байланысты оқушыларды 2 топқа бөлу. Соған орай екі түске боялған әріптер таратылады. Оқушылар жарысып топқа отырады, тыныштық орнатады.
Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу.
— Сыныпта кім кезекші?
— Сыныпта кім жоқ?
Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.
— Балалар, сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай, осы жақсы көңіл-күйлерінде сабақты бастаймыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы. Сабақта біз Түркістан қаласына саяхат жасап, осы мәліметтерді пайдалана отырып, білімдерімізді шыңдаймыз.
— Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
— Карта.
— Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін. Қазір жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.
Бүгін 2 топ сабақта жұмыс істейді. 1-топ – «Зерттеушілер» тобы, 2-топ – «Тарихшылар» тобы.
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын бағалап отырады.
- II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
Слайд: Отырар қаласының суреті
— Балалар, мына суретте қай қаланы көріп тұрсыңдар? (Бұл суретте Отырар
қаласын көріп тұрмыз).
— Отырарда нелер болған? (Отырарда медресе, мешіт, базар болған).
Слайд: Тараз қаласының суреті
— Ал мынау қандай қала? (Бұл – Тараз қаласы).
— Таразда нелер болған? (Таразда Айша бибі мен Бабажы қатын кесенелері,
Тараз моншасы болған).
— Бұл қалалар қандай қалаларға жатады? (Бұл қалалар ежелгі қалаларға
жатады).
Слайд: Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи
кесенесінің суреті
— Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар? (Қожа Ахмет Йасауидің
кесенесін көріп тұрмыз).
— Ол кесене қайда орналасқан? (Түркістанда орналасқан).
Түркістан да ежелгі қалалардың біріне жатады.
Енді балалар, Мағжан Жұмабаевтың мына өлең жолдарына назар аударайықшы: Слайд: М.Жұмабаевтың өлеңінен үзінді
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
М.Жұмабаев
— Ақынның осы өлең жолдарында не туралы айтылады?
— Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай қала туралы деп ойлайсыңдар?
Ақынның осы өлең жолдары біздің сабағымыздың эпиграфы болады.
М.Жұмабаев — ақын, біздің жерлесіміз, Түркістан туралы өлеңін жазды.
- 1. Бірінші аялдамамыз «Әңгімелесу бағы» аялдамасы
Өткен тақырыпта біз сендермен не жайында таныстық, балалар?
Блум түймедағы
(Терең және жеңіл сұрақтар қойылады) слайд
- Сен қай қалада тұрасың?
- Сенің Отанын қай ел?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- ҚР бас қаласы қандай қала?
- Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
Y. Келесі аялдамамыз «Сөздік алқабы»
Балалар, біз оқулықтағы мәтінмен таныспас бұрын, алдымен жаңа сөздермен танысып алайық, тақтадан өзім оқимын, оқушылар жаңа сөздерді топпен, жұппен, кезекпен оқиды, сөздікке жазады, жаңа сөздерден сөйлемдер құрау
Көне — древний
түріктер мекені — земля тюрков
кесене — мавзолей
қасиетті жер — священная земля
- Саяхатымызды жалғастырамыз «Білім шыңы»
— Түркістан қаласын көру үшін «Алтын қақпа» ойының ойнаймыз.
Ойын 2 кезеңнен тұрады.
1 — кезеңдегі тапсырма орындалса «Күміс қақпа» ашылады.
2 — кезеңдегі берілген тапсырма орындалса «Алтын қақпа» ашылады.
«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.
«Күміс қақпада» мынадай тапсырма жасырынған: Мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Мәтінді екіге бөліп оқимыз, жартысын бірінші топ, жартысын екінші топ. Мәтінді оқып, талқылайсыңдар, топтың ішіндегі көшбасшысы 2 топқа түсіндіреді. Алдарыңызда саяхат картасында мәтін жазылған.
а) мәтінді мәнерлеп оқимыз, аударамыз.
ә) сұрақтарға жауап береміз.
2-тапсырмасы: Берілген сөздермен сөйлем құрау.
Қала, көне, кесене, қасиетті, жер, ғажайып, ғимарат, өзен, тау.
YII. Сергіту сәті
YIII. Слайд «Түркістан қаласы»
2 — кезеңдегі берілген тапсырма орындалса «Алтын қақпа» ашылады.
«Түркістан астанасы» атты тарихи-географиялық экскурсиялық бейнебаяннан үзінді көріп, жақынырақ танысайық.
Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.
Алтын қақпа ашылу үшін мынадай тапсырма: Түркістан қаласы туралы қосымша мәлімет жинау болатын.
Бізді осы ежелгі, қасиетті қаламен «Зерттеушілер» тобы таныстырады.
«Тарихшылар» тобы Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр.
Зерттеушілердің хабарламасы: Қазақстандағы қала. Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған.
Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.
Город в Казахстане. Туркестан находится в Южно-Казахстанской области. Один из древнейших городов Казахстана. Главная гордость 1500-летнего города — это мавзолей Ходжи Ахмеда Яссави. Мавзолей был построен на рубеже 14 и 15 веков. Его возвели по приказу Амира Тимура над могилой наиболее почитаемого тюркскими народами исламского проповедника — суфия. Туркестан построен в 5-6 веке. Это священный город, его называют второй Меккой.
Тарихшылар хабарламасы: Қожа Ахмет Иасауи кесенесін ең алғаш рет Ақсақ темір қалаған. Түркістан ертеде Шам, Шабғар, Йасы деп аталған. Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.
Туркестан известен в исторических источниках с XII в. Первое древнее поселение на территории современного Туркестана возникло в начале 6 века н.э. В истории Туркестана особую роль сыграли два средневековых города Южного Казахстана — Шавгар и Ясы. Исторической литературе неоднократно говорится о Туркестане как о столице Казахского ханства.
- Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.
Топпен жұмыс. 1-тапсырма: Зат есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
- Жалпы есім: мектеп, табиғат, орман, жер, қала, көше, қарға, т.б.
- Жалқы есім: Астана, Қазақстан, Арман, Ақ желкен, Тараз, Алатау, т.б.
2-тапсырма: Сөздерді көпше түрде жаз
Қағаз, оқушы, саяхатшы, кесене, ел, ғимарат, күн.
3-тапсырма: Сәйкестігін табыңдар
Бұл қалалар әр елде несіменен даңқты?
Париж Кремлімен
Мәскеу Қожа Ахмет кесенесімен
Санкт-Петербург Эйфель мұнарасымен
Түркістан Бәйтерегімен
Алматы Эрмитажымен
Астана Медеуімен
4-тапсырма: Сұрақтарға жауап беретін сөздерді тиісті қорапшаларға сал.
«Алтын сандық» ашылды. Ішіндегі сыйлық сізге арналған, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық.
X. 5-тапсырма: «Мен білімді баламын» ойыны
- Постермен жұмыс. «Менің қалам»
XII. Қорытынды. Рефлексия
Қаламыз жарқырап жанып тұрсың десеңдер, стикер-жұлдызшаларға жазыңдар қала туралы не білдік жапсырайық, қандай сөз естеріңде қалды.
Балалар, бағдаршамның үш түсі жатыр сабақ түсінікті болса жасыл түсті көтересіздер, түсініксіз болса қызыл түсті, сұрақтарын болса сары түсті. Иә, сабақ бәрімізге түсінікті болды. Осымен, балалар, біздің саяхатымыз аяқталды. Балаларға көп-көп рақмет!
XIII. Үйге тапсырма: Диалог құрастыру
XIY. Оқушылардың білімін бағалау
Осымен сабағымыз аяқталды. Келген қонақтарға да, белсене қатысқан оқушыларға да көп рақмет! Сау болыңыздар!
Бағалау: Топ басшылары бағалайды.