Home » Поэзия » Түркістан облысы бойынша»Үздік өзін-өзін тану пәнінің мұғалімі» байқауына қатысушыларға арнау

Түркістан облысы бойынша»Үздік өзін-өзін тану пәнінің мұғалімі» байқауына қатысушыларға арнау

Сәлем сөздің — анасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар, ер данасы.

Бас жалпыңызға сәлем бердім,

Сәлемнің де болады өз бағасы.

Байқауда Ахметов Жарылқасын,

Шаманың келгенінше алға бассын.

Қазығұрт ауданынан келіп тұрмын,

Өзгелер мына бізден шабыт алсын.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Көгінде жұлдыздары жарқыраған.

Қазығұрттың тумасы өр келеді,

Кез-келген қарсыластан тайсалмаған.

Қазығұртты алашым құрметтейік,

Құрметтеуді ешкімге үйретпейік.

Адамзаттың бастауы Қазығұрттан,

Алашым, Қазығұртты ту етейік.

Осындай бас қосулар бола берсін,

Бастарыңа бақ құсы қона берсін,

Байқауға қатысушы ұстаздарым,

Жаңа ой, жаңалығын ала келсін.

Ұстазың шәкіртсіз тұл емес пе?

Жақсы шәкірт жарқыраған нұр емес пе?

Тәртіпке бас иген құл болмайды,

Тәрбиесіз білімің құр емес пе?

Тәлім мен тәрбиені тең ұстаңдар,

Тура жол,туралықтан айнымаңдар.

Білім жасқа бітеді деген сөз бар,

Тәрбиелі, білімді мыңды бастар.

Талаптының нұр жауар талабына,

Гүл бітсін, әрбір басқан қадамына.

Игі бір бастамамен әріптестер,

Жақсылықтың ілінейік назарына.

Аман-сау жүріңдерші ұстаздарым,

Жалынды сәлемімді мен жолдадым.

Байқауда кездескенше  сау болыңдар,

Сөзімді осы жерден аяқтаймын.

 

Жарылқасын Ахметов
Қазығұрт ауданы, Қызылқия а/ә
«Ынталы» жалпы орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
«Білім беру ісінің үздігі»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.