Home » Жаңалықтар » Түркістанның облыс болуы Елбасының Астанадан соңғы екінші ерлігі деп бағалаймын

Түркістанның облыс болуы Елбасының Астанадан соңғы екінші ерлігі деп бағалаймын

Нұрсан Әлімбаев, тарихшы: «Түркістанның облыс болуы Елбасының Астанадан соңғы екінші ерлігі деп бағалаймын»

 Түркістанның облыс болуы – тарихи қадам. Бұл гео-саяси бағытта жасалған кейінгі онжылдықта орын алған ең ірі бастама екеніне дау жоқ. Иә, бұл туралы сан түрлі ойлар, алуан қисапты қисындар бағамдалып жатыр. Алайда, тарихи әділеттіліктің орын алғаны – барша қазақтың қуанышына айналып үлгергені сөзсіз.

Бүгінде Түркістан өз алдына дербес облыс. Енді киелі шаһардың барлық экономикалық, мәдени, әлеуметтік даму мүмкіндігі өз қолында. Дамудың жаңа жолына түспек. Алдағы уақыттарда өңірдің даму барысына байланысты біршама нақты жоспарлар баршылық. Алдағы уақыттарда аталған өлкеге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы бару сапарының өзі біраз жайтты аңғартса керек. Келесі сұрақ аталған өңірдің даму перспективасы қандай?

Осы сауалдың жауабын іздеп біз қазақ еліне аты мәшһүр сарапшылардың, тарихшылар мен саясаткерлердің пікіріне жүгінуге бел буған едік. Әлқисса, әңгіме басында Нұрсан Әлімбаев ағамызбен сұхбаттас болғанымызды жеткізгіміз келеді. Ендеше тарих ғылымының тарланына айналған ғалым ағамыздың ғибратлі әңгімесін назарларыңызға ұсынсақ.

«Түркістанның облыс атануы – өте қуантарлық жайт. Қазақстан ғана емес күллі түркі мәдениетінің алтын қағбасына айналған бұл қаланың барлық жағынан әлеуметтік мүмкіндігі зор.

Менің ойымша Түркістанның облыс болып қалыптасуы – Елбасының Астанадан кейінгі жасалған ұлы ерліктерінің бірі. Бұл – көрсеткіш.

Жас облыстың елдегі экономикалық дамудың қарқынына үлесе алу перспективасы туралы айтсам… Еске ә дегенде Нұрсұлтан Әбішұлының «Бес әлеуметтік бастама» деп аталатын үндеуі түседі.

Бұл үндеу ел экономикасын қарқынды түрде дамытатын теңдесіз жоба. Ал, енді отауын енді тіккен ордалы облыс пен бұл үндеудің бір уақыт кеңістігіне тап болғанына тоқталсақ. Түркістан – бұл «Бес әлеуметтік бастама» үндеуінің қалай жүзеге асып жатқанының айна көрсеткіші болады деп сенемін.

Мұндағы экономикалық, әлеуметтік даму – елдегі өзге өңірлерге үлгі бола алатындай болса игі. Себебі жаңа облыстың алғашқы қадамдары мұқият назарда болары сөзсіз. Сондықтан бұл — өңірдің дамуына жаңа импульс беріп, үлкен мотеваторға айналуы тиіс.

Менің ойымша, Елбасының Түркістанды өз басына дербес облыс етіп жариялауы Қазақстан ғана емес, күллі түркі жұртына игілік шарапатын тигізетін үлкен бастама. Өңірдің тарихы, мәдениеті, халқының саны – үлкен белестерді бағындыруға әбден қабілетті.

Сауда, экономика, әлеуметтік мүмкіндіктері зор өңірге сәттілік тілеп, тақым қысып бақылаймыз. Алдағы уақытта Түркістан облысы қазақи руханияттың қайнар көзіне айналуын күтеміз».

Қолданылған дереккөздері:

  • e-history.kz жарияланған материалдар;
  • «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі.

 

Арқалық Сағи

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.