Home » Ашық сабақтар » «Түймеқыз» ертегісі

«Түймеқыз» ертегісі

 Кейіпкерлер:

  1. Әйел:
  2. Сиқыршы кемпір:
  3. Ханшайым:
  4. Балалар:
  5. Ата-Әже:
  6. Түймеқыз:

(Көңілсіз музыка)

Мақсаты: Тәрбиеленушілерді өз ортасына, өзге ортаға еркін сезіне алуға, тапқырлыққа, мәдениеттілікке, эстетикалық тәрбиелікке, өнер орнын көрсете білуге, өзін қоршаған ортаға сыни көзбен қарауға үйрету. Айналасындағылармен қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер табу.

Білімділік: Ұйымдастырушылық пен өнерге деген қызығушылығын арттыру. Бір-бірінің пікірін құрметтеуге баули отырып білімдерін жан-жақты жетілдіру.

Тәрбиелік: Әрбір баланың рухани өсуіне, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына және сөздік қорын молайтуына жол ашу. Балаларды үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Ертеде бір жалғыз басты әйел өмір сүріпті. Оның баласы болмапты. Бірде ол сиқыршы кемпірге барып:

-Әйел: Өмір бойы бір балаға зар болумен келемін. Көмектесе аласың ба? Баланы қайдан

алуға болады? — дейді ауыр күрсініп.

— Сиқыршы кемпір: Иә, сенің қайғың ауыр екен. Жарайды, мен саған

көмектесейін. Міне, мынау арпаның дәні. Бұл жай арпа емес, «егістікке себетін

немесе тауықтарға шашатын арпа» деп ойлап қалма. Осы дәнді үйіңе апарып, гүл

өсіретін тостаққа сал да, топыраққа көміп таста. Кейін не болатынын өз көзіңмен

             көресің,- дейді кемпір.

— Әйел: Рақмет саған! Қолына ақша ұстатып, үйіне қайтады.

Ән: «Тыңдай білем», «Көгершін» тобының бүлдіршіні Жамантай Ұлбала

 

 

-Жүргізуші: Үйіне жеткен бойда сиқыршы кемпір айтқандай дәнді топыраққа отырғызып, су құяды. Сол сәтте одан әдемі гүл өсіп шығады. Гүл қызғалдаққа ұқсайды, бірақ күлтелерін әлі ашпаған болатын.

-Әйел: Түймеқыз

— Қандай ғажап! (қуанады)

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Қайран қалған әйел гүлдің сары араласқан қызыл күлтелерін сүйе бастайды. Сол кезде бірдеңе тырс еткендей болады да, күлтелер ашылады. Қараса, нағыз    қызғалдақтың өзі! Ал гүлдің тостағаншасында кішкетай қыз отырады. Оның үлкендігі түймедей ғана екен. Сондықтан қызды Түймеқыз деп атап кетеді.

   Жүргізуші: Әйел түйе жаңғағына қабығын тазартып, жалтыратып бояп, оны қызға бесік етеді, содан соң жеңіл құс қауырсынынан жастық және раушан гүлдің күлтесін жамылғыш жасайды. Содан кішкентай қыз түнде бесігінде ұйықтап, күндіз үстел үстінде ойнайтын болды.

Әйел үстел үстіне су құйылған табақ қойып шығатын. Судың бетіне қызғалдақтың

күлтесін тастайтын. Түймеқыз соған отырып алып, табақтың бір шетінен екінші

шетіне жүзіп жүретін.

Ескектің орына жылқының аппақ қылдарын қолданатын. Бұл адам айтқысыз ғажап

көрініс еді! Бір күні түн ішінде ашық тұрған терезеден үп-үлкен ұсқынсыз бір

құрбақа кіріп кетеді. Ол бесігінде рақаттанып ұйықтап жатқан Түймеқыздың дәл

қасына топ ете түседі.

Бақа: Міне, менің ұлыма әйел болуға нағыз лайық қыз!

Жүргізуші: Қызды бесігімен қоса қолтығына қысып алып, терезеден баққа секіріп түседі.

Бақа үлкен өзен ағатын. Жағалаулары таяз, батпақты болатын. Сол жерде құрбақа

ұлымен бірге тұратын.

Ұлы сондай көріксіз әрі жиіркенішті еді! Аумаған шешесі! Жаңғақ қабығында

жатқан әдемі қызды көргендегі бар айтқаны:

Сәлеметсің бе? Түймеқыз неғып жылап отырсың, неге көңілсізсің?

Түймеқыз адасып кеттім деп жауап береді. 

Жүргізуші: Бір мезгілде, қайдан пайда болғаны белгісіз, бір оқ көбелек айнала ұшып ақыры, жапыраққа қонады. Түймеқыз оған ұнап қалған сияқты!

Ал, қыздарым, қалықта,
Қалықтаудан жалықпа.
Саусақтарың майысып
Би биле мына халықта.

Құлагер тобының бүлдіршіндері: «Көбелек» биі

Жүргізуші: Балалар, «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер. Достар қандай болу

керек?

Құлагер тобының балалары, Достық қандай болмақ?

 

Түймеқыз: Ұрысып қалған балдарды көріп, күлтесінен біреуін алып,

Достар еш уақытта ұрыспайды-дейді.

Жүрг:        Асқарлы әке, Аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Қең құшағың — аясында гүл бақтың.

Құлагер тобының бүлдіршіні: Ұлбаланың орындауында ән «Тыңдай білем»

Жүргізуші: Біздің балалардың өнерлері толып жатыр

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді, қорғайды.

Өйткені Отан баласындай,

Бізді асыра қорғайды.

«Отан» хор: «Құлагер» тобының орындауында

Жүргізуші: Көрініс. «Әжесі мен немересі»

           -Әже, шырақты ұстап алайықшы?

-Бисмиллаһ, не болды құлыным?

-Әже, мен түс көрдім.

-Жап-жарық күн көрдім!

-Айналайын, ол сенің болашағың, еліңнің бақыты,

Тәуелсіздік мәңгі жарық күні.

«Құлагер» тобының бүлдіршіні: Каусардың орындауында «Әжетайым»

Жүргізуші:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

«Бейбіт ел» хор: «Балауса» тобының орындауында

Жүргізуші: Қыздарымыз жүр қадамын аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып-тасып.

Бөбектерін өбектеген халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

«Балауса» тобының орындауында би «Шаттық»

Жүргізуші: -Күміс көмей Розадай,

Әнші қыздар бар ма екен?

Мың бұралған Шарадай,

Биші қыздар бар ма екен ?-дегендей ән қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

— Көңілді өскен балалар,

Күлім қағып тұрады.

Тойымызға сән беріп,

Шырқатып әнге салады,-дегендей «Құлагер» тобы арнап бір ән айтып береміз дейді. Ендеше «Біз әдепті баламыз» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Көрініс

Әжелерін жолдың арғы бетіне өткізу, Үлкенге көмектесу:

Әжем менің мейірімді, сыйлайды үлкен-кішілер,
Әже деген пейілімді әжесі бар түсінер.
Ақ жаулықты әжемді ай жүзіне теңедім,
Мейірімді таусылмас күн нұрына теңедім.
Тазалығын жаныңның бал-бұлаққа теңедім.
Ақ бата алған өзімді арғымаққа теңедім.
Көрсетер көпті көмегім зор келемін,
Сағынып шаршап мен кейде көзімнің жасын төгемін.

Жүргізуші: -Балалар, біз қандай ертегімен таныстық?

Сиқыршының әрекеті дұрыс па?

Ханшайымның әрекеті неге ұнады?

Тәрбиеленушіге адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесінің үйлесім табуы жайлы, яғни рухани және мүсін сұлулығы турасында айтып беру. Сондай-ақ, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, өзара қарым-қатынас әдептер; атадан балаға жалғасып келе жатқан серілік мінез, сезімталдық, талғампаздық қабілеттердің қалыптасуы және салақтық жаман әдеті жайында түсінік беру.

Шырынбекова Айгуль,
«Арайлым» балабақшасы,
ОҚО, Шардара қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.