Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілеттерін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
- Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қане, бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын
Еліміз тыныш болсын
Досымыз көп болсын.
Балабақшамыз жайнап тұрсын
Нанымыз көп болсын!
Тәрбиеші: Иә, балалар, осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Олай болса ерекше күн деп есептеп, оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Ғажайып сәт. Есік қағылып, ішке шет мемлекеттен қонақ келді. Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы: біздің еліміз туралы көп белгісі келеді екен.
— Сәлеметсіңдер ме?
— Балалар, бұл қай мемлекет?
— Қазақстан Республикасы.
— Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
— Астана қаласы.
— Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
— Иә, көмектесеміз.
— ҚР елбасы кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
— ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
— Қазақ тілі
Тәрбиеші: Қане, балалар, біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.
Балалар әнұранды орындайды.
Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Айзанат Томирис
Ана тілің біліп қой, Ақыл-ойын дананың,
Еркіндігің, теңдігің. Ана тілден аламыз.
Ана тілің біліп қой, Ана тілім ардақты,
Мақтанышың елдігің. Ақ сүтіндей анамның.
Жайнасын Санжар
Қазақстан халқының, Ана тілім – қазақ тілім туған тіл
Қазақ тілі тірегі. Қасиетті тіліміздің бәрін біл
Ана тілде айтылар Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Әнұраны жүрегі. Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар, рахмет сендерге. Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым, көп нәрсе біледі екенсіңдер. Енді маған рұқсат болса, мен кетейін. Сау болыңыздар!
«Мақал – сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.
Бақдаулет Асхат
Тіл тас жарады, Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
Тас жармаса бас жарады.
Ажар Рамазан
Сөз сүйектен өтеді, Өнер алды – қызыл тіл.
Таяқ еттен өтеді.
Қанат
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Тәрбиеші: Халқымыз қашан да тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.
Төле би:
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би:
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би:
Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.
Тәрбиеші: Рахмет, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»
Ойын шарты: тәрбиеші ұлттық киім үлгілері жайында әңгімелейді; аяқ киімдердің өзіндік ерекшелігі, бір-бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға тапсырма беріледі.
Қорытынды
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп айтқандай, сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Избасарова Актоты Муратовна
№15 «Әлия» балабақшасының
№6 «Жасұлан» тобының тәрбиешісі,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы