Home » Балабақша » Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз

Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз

Әр халықтың өз ана тілі бар.  Ана тілі ана сүтімен, қанымын  бала бойына сіңіп, өмір бойы азығы болатын киелі ұғым. Кез келген отбасы тіл мәселесін алдыңғы орынға қойып, балаларының өз ана тілінде сөйлеуін маңызды мәселе деп ұғынады. Сондықтан да қазақ тілінің тағдыры қазағымның өз қолында деп ұғынамыз. 22қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осы тіл мерекесіне орай №18 «Еркежан» бөбекжай бақшасында апта бойы тіл мерекесіне орай барлық топтарда ашық сабақтар өтіліп, ересек топтар арасында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты зияткерлік ойын өткізілді.Зияткерлік ойынды бөбекжай бақшасының меңгерушісі Ш.Т. Жұматаева ашып беріп, тіл мерекесімен құттықтап,  балаларға сәттілік тіледі.Тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған  зияткерлік ойын 5 бөлімнен тұрды: жұмбақ жасыру, тіл туралы мақал-мәтелдер айту, пазлды құрастыру,  «Зообақ» ойыны, мәнерлеп өлең оқу. «Қызғалдақ», «Жауқазын», «Жалын құс» топтары  өз топтарын, эмблемаларын таныстырып, ұрандарын айтты. Әр  топ басшылары  қоржын ішінен тапсырмалар жазылған асықтар алып, жауаптарын айтты. Балалар үш тілде тіл туралы өлең — тақпақтар айтып, жұмбақтар жасырып, ойынды қызықтыра отырып, тыңдарман қауымды тәнті етті.«Мақал-мәтел – сөз мәйегі» демекші, балалардың үш тілде айтқан мақал-мәтелдеріне тыңдарман балалар мен ұстаздар дән риза болдық. Ойын кезінде қазақ халқының ертегілері: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Құйыршық», «Қаңбақ шал» пазлдарын тез құрастыру кезінде «Қызғалдақ» тобы алдына жан салмады. Ал «Зообақ» ойынында «Жауқазын» тобы алға шықты. «Жалын құс» тобы жұмбақ шешуде шапшаңдықтарын көрсетті. Әр топ «Алғырлар», «Білімділер», «Зеректер» номинацияларымен марапатталды. Ойын соңында топ балалары тіл туралы ән айтып, тіл мерекесінің мәртебесін көтерді.

 

 

Н.К.Умирзакова,
№18 «Еркежан» бөбекжай бақшасының
орыс тілі мұғалімі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.