«Туған тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деп, ақын Ә.Тәжібаев жырлағандай, тілі сақталған ұлт- мемлекет ретінде сақталған ел.Тілі жоғалған ел- ұлт ретінде жоғалған ел. Тіл қай елде, қай ұлтта болма сын қадірлі де құдіретті. Себебі ұлттың болмысын, ұлылығын, кісілік келбе тін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ. Тіл туралы Заңда ұлт тың болашағы — тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты»деп анық айтылған. Қазіргі кезде тіліміздің қоғамдық қызметі қаншалықты кең? Бұл жағдай ұлтымызды қаншалықты алаңдата ды? Біз өркениетті, дамыған 30 елдің қатарына енуге жанталасып еңбекте ніп жатырмыз, алайда мемлекеттік тілінің қолданылу аясы шектеулі елдің сол елдердің арасындағы мәртебесі қандай болмақ? Осы жайында ойланамыз ба?
Себебі әрбір елдің қуатты күші, байлық – бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тәуелді екені белгілі. Себебі, тіл – тарихымыз, тіл – мәдениетіміз, тіл – әдебиетіміз.
Қырғыз халқының ұлы жазушысы Ш.Айтматовтың «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін — ұлы» деген сөздерінен біз тіл мәселесі қай заманда да келелі мәселе болғандығын, әлі де бола береті нін түсінгендейміз. Себебі ана тілінің, мемлекеттік тілдің жағдайы бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселеге айналғаны қашан?! Тіл туралы қабылданған заңдарды да өмірдің өзі, қоғамның рухани жаңаруы туғызған еді.
Осыған орай, тіл саясаты да бүгінгі таңда ең өзекті, ең өткір мәселе екені баршамызға аян. Әрине, тәуелсіз еліміздің болашағы өз тілімен ғана алға қарыштары белгілі.
ҚР Білім туралы заңында: «Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақ- стан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады» делінген. (9-бап 1)
Тіл саясаты мемлекетіміздің ұлт саясатының ажырымас бөлігі. Бірқатар маңызды әлеуметтік-саяси факторлардың ықпалын ескере, ел саясатының осы екі бағытын бөле-жара қарастыруға келмейтінін білеміз. Мемлекеттік ұлттық саясат қазақ тілін дамытуға, оның жүзден астам этносты біріктіріп, ұйыстырушы рөлін күшейтуге бағытталған. Сол бағытта жоспарлы жұмыстар да өткізілуде. Дегенмен, тілді үйренуде өзге ұлт өкілдерінің жайбарақатты- лығы, немқұрайлылығы да байқалмай қоймайды. Оған негіз де жоқ емес. Басты себеп — өзіміз. Қазақтың өзі қазақ тілінде сөйлеуге арланса, оны жетімсіретсе, тілін білмегеніне намыстанбаса, өзге ұлттан не сұраймыз? Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзінің астарында ұққан адамға, үлкен тәрбие де, саясат та, ақыл да, ұсыныс та, қала берді, та- лап та бар. «Еліміздің болашағы-жастарда» дейміз. Ендеше,қазіргі жастары -мыздың бойына тілге деген құрметті қалай сіңіруге болады?! Менің ұстаз ретінде айтарым, мұндағы үлкен жауапкершілік ата-аналардың мойнына түседі, олардың ұлтжандылығына, намысшылдығына байланысты. Ана тілін сүйетін, бағалайтын ата-ана ұлтжанды, тілін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелей- ді. Әрине, мектепке артылатын міндетті жоққа шығарып тұрғаным жоқ. Алайда,»тәрбие-тал бесіктен» демекші, тәрбие негізі отбасынан, кейін балалар бақшасы мен мектептердегі терең тәлімнен қаланады. Нақтырақ айтсақ, баланың тілі ана тілімен шығуы керек. Ол үшін ата- анасы қазақша сөйлеп, тіліне деген құрметін баласына көрсетуі жөн. Бірақ бала тілін әрі қарай дамытуы үшін баратын балабақшасы да таза қазақ тілінде болуы шарт. Осындай тізбектің жалғасы мектепке барғанша үзілмегені дұрыс. Басты факторлардың бірі- араласатын достары да өзі сияқты тілді құрметтейтін, қазақша сөйлейтін орта болуы керек. Ең маңыздысы, осы аралықта баланың бойында ана тіліне, туған жеріне, салт-дәстүріне, тарихына деген мақта- нышын ояту. Мұндай бала қай жерде жүрсе де, кімдердің ортасында болса да, өз тілін ешқашан ұмытпайды.Оған дәлел- шетте жүрген қандастары- мыз, бауырларымыз. Тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде де өзге елдермен терезесі тең, бәсекелестік дәрежеге жетуі керек. Бұл тұрғыдан зерделер болсақ, көреген А.Байтұрсынов «Білімсіз халық қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен. бабамыздың айтайын дегені де «алған білімі ана тіліне деген махаббатқа суарылсын» деп,пайымдауымызға болады.
Білім беру ұйымдарындағы, әсіресе мектепте тіл саясатын жүзеге асыру- ұстаздар қауымының,соның ішінде тіл мамандарының ең басты парызы, міндеті.
ҚР 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасы -мыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай отырып: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлығы емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені, олар – біздің ұлтымыздың болашақ айна- сы» деген болатын.
Олай болса, бүгінгі білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау.
Ол мақсат – тәуелсіз елдің жеткіншек ұланын өз ана тіліне үйрету, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, ұлтжанды, нағыз патриот – қазақ тәрбиелеу.
Ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге, ұтымды да ұтқыр сөй -лей білуге, сөз мәдениетіне тәрбиелеуге тек тіл мамандары ғана жауапты деп санамай, әр ұстаз мұғалім ретінде ғана емес, тәрбиеші ретінде оқушының дұ -рыс сөйлей білуіне, сөз әдебіне зер салып, назар аударып, бұрысын түзеп, тіл шұбарлауына жол бермей, иісі қазақ, ұлт жанашыры ретінде күресе білсе, нұр үстіне нұр емес пе? Біз тек сөзімізбен емес, ісімізбен де үлгі бола білуіміз керек. Тіл, әдебиеті маманы ретінде өз тәжірибемде оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында көркем шығарманы, ха -лықтың асыл сөздерін оқып, зерделеріне тоқи білуін үнемі басты назарда ұстаймын. Әрине, бүгінгідей ақпараттанған заманда мұғалім тарапынан көп еңбектенуге тура келеді. Бұл бағытты белгілі бір көркем шығарманың, аяқ- талмай қалған әңгіменің немен бітетіні ,әрине, оқушыны қызықтырады. Ондай жағдайда оқушының өз қиялымен оқиғаны әрі қарай өзінше аяқтап келуге тапсырма берілуі де баланың шығармашылық қабілетін, тілін дамыту ға игі ықпалын тигізеді. Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар, ауызша, жазбаша тіл ұстарту, тақырыптан соң ойтолғау, эссе жазуды ұсыну, бір-екі шумақ өлеңдер құрастыру, мінездеме, портреттер жасату – өзім сабақ беретін сынып оқушыларының дағдылы іс-әрекетіне айналған. Баланың қиялын да мытып, ойын ұштауда теледидар да бүгінгі таңдағы тәрбие құралы.»Азамат», «Тіл», «Көкпар» бағдарламаларын тыңдаған оқушы сөз мәдениетіне, тіл мәде ниетіне үйренері сөзсіз. Бұл бағытта, әсіресе, ашық әңгіме, пікірсайыстардың оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда көмегі зор, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, сөйлеу дағдыларын дамытып, бір-бірінің пікірлерімен санаса білуге баулып, өзара сыйластыққа тәрбиелеуді дамытуға оң әсері болғаны кәміл.
Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамды қажет етеді. Тәуелсіз елдің ертеңгі ұрпағы өз тілінің жанашыры ғана емес, кез-келген ортада, ғылымның қай саласын меңгерсе де ең алдымен өз ана тілінде ойлап, өз ана тілінде сөй- лей алатын, пікір сайыстыра алатын, өзіндік «мені» бар тұлға болуы керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгі- зілген. (3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері. Астана, Ақорда, 2007.27.07.)
Бабалардан қалған асыл қазыналардың бірі – тіліміздің жоғын жоқтап, талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген аталарымыздың жолын қуар, тіл болашағына жарқын жол іздер бүгінгі жалындаған жастар екеніне сенімдіміз.
Елбасы өз сұхбатында «Ең алдымен, қазақ азаматтарының намысына салмақ салмай болмайды. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. Осы жылдар ішінде ол өзінің ана тілін үйренуге міндетті еді. Бұл талап ешқандай да адам құқығына қол сұғу ретінде қаралмауға тиіс. Бұл – парыз, адамдық парыз. Перзенттік парыз. Қазақ елі бар да қазақ тілі де болады» деп айтқан еді. Әр халық, әр адам өз тіршілігі үшін, қажет болса, ана тілінен өзге тілді өзі ізденіп, оқып үйренеді. Олай болса, біздің алдымызда егемен елдің жан-жақты біліммен, тәрбиемен қаруланған, саналы, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының бай ауыз әдебиетінен сусындаған, сайып келгенде намысын қорғай алатын, ана тілін құрметтейтін ұрпағын тәрбиелеу міндеті тұр.
Ойымды Қадыр Мырза Әлінің «Ана тілің -арың бұл,Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген дана сөздерімен аяқтағым келеді.
Дайындаған:
Көкшетау қаласы С.Жүнісов
атындағы №18 орта мектеп-лицейінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Бришева М.А.