Қайырлы күн,балабақша қызметкерлері, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Бүгінгі «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Мерекелік іс-шарамыз 2 бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім:Тіл мерекесі туралы толық мағлұмат беру.
2-ші бөлім:Топтық сайыс.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: мемлекеттік тілді білу Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті және парызы.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітілді.Қазақстан Республикасының«Тіл туралы» ата заңы 1997жылы қабылданып, 22 қыркүйек «Тіл мерекесі» болып аталып келді. Ал, қазіргі таңда 5 –қыркүйек күніне ауыстырылды.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз тіліміз.
Әнұраным-жан ұраным.
Айтар әнім сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Ендеше «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мерекелік сайысымызды әнұранымызбен бастауға рұқсат етіңіздер!
(әнұран орындалады.)
Мерекелеріңіз құтты болсын!, — дей отырып балабақшамыздың меңгерушісі Айнұр Раманқұлқызына мерекелік құттықтау сөз кезегін береміз.
Кім білімді,өнерпаз білейікші,
Ұстаздарды алғыр деп жүрейікші.
Қазылар алқасына әділдікті,
Ал, сайыскерлерге сәттілік тілейікші.
Сайыскерлерімізге әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Балабақшамыздың меңгерушісі Айнұр Раманқұлқызы
Балабақшамыздың әдіскері Перуза Смағұлқызы
Балабақшамыздың медбикесі Ләззат апай
Бүгінгі мерекелік сайысымызды бастамас бұрын, бәріміз шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді сыйлайық.
(сайыскерлер тілектерін айтады).
Бүгінгі «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
- «Сәлем сөздің анасы»таныстыру
2.Қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу.
- «Кім білгір» сайысы
4.Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айту.
- «Ойлан тап?»
1-бөлім:
Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
(Сайыскерлер өз топтарын таныстырады, қазылар бағалайды.)
2-бөлім:
Білімді мыңды жығады
Білекті бірді жығады.-демекші, сайыскерлеріміздің өлеңді мәнерлеп оқу кезегіне берейік.
(сайыскерлер қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқиды, қазылар бағалайды.)
3-бөлім:
«Кім білгір?»сайысы.
Мақал-мәтел –бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер топтар көңілмен тыңдап тұрамыз.
Шарты:
Әр топқа екі мақалдан берілген.Аяқталмаған мақалды
жалғастырады.Мақалдағы белгілі бір жазылған сөзді үш тілде айтады.
1.Піл көтермегенді-тіл көтереді(піл-слон-elephant)
2.Тіземнен сүріндірсең сүріндір,тілімнен сүріндірме.(тіл-язык-language)
3.Ана сүті-бой өсіреді,
Ана тілі-ой өсіреді.(сүт-молоко-milk)
4.Бас кеспек бар,тіл кеспек жоқ.(бас-голова-head)
5.Өнер алды –қызыл тіл.(қызыл-красный-red)
6.Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер (ана-мама-mother)
7.Ел ұлсызболмайды,
Жер гүлсіз болмайды.(гүл-цветок-flower)
8.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.(жеті-семь-seven)
9.Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.(кітап-книга-book)
10.Көктемгі әрекет, күзгі берекет(күз-осень-autumn)
(қазылар бағалайды)
4-бөлім:
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табу.
1.Айдын күннің аманында. (аман –есен,тыныштықта)
2.Арасынан қыл өтпейді.(өте тату)
3.Бармағын тістеді.(өкінді.)
4.Аймандай қылды(ұятты болды)
5.Ағынан жарылды (бар сырын айтты)
(қазылар бағалайды)
5-бөлім
«Ойлан тап?» сайысы.
Шарты: Экрандағы суретке байланысты мақалды табу.
(қазылар бағалайды )
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік.Мемлекеттік тілді көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік.
Бұл жанды тіл-менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры қуат, сөзі ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім-Қазақ тілім!
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін ,-деп «Анамның тілі» әнін бәріміз бірге орындайық.
Хор: «Анамның тілі»
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтық білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
(Әділ қазылар сайыскерлерді марапаттайды.)
«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты сайысымызға атсалысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Айтжанова Айнұр Амангелдіқызы,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Төретам кенті.
№ 4 «Күн нұры» балабақшасының тәрбиешісі.