Home » Балабақша » Тіл мәртебесі

Тіл мәртебесі

     

  Мақсаты: Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту. Ұлтшыл емес, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып білуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру ,патриоттық сезімін ояту.

  • Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді қазақ халқының кең елі, Отанымыз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған мерекесімен шын жүректер құттықтаймыз!

Дүбірлетсін өңірді,

Дүрілдетсін дүлділі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын, бұл күні! —дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайық.

Қазіргі таңда, еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – дінің жүректегі» — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, алқысын толтыру өз қолымызда – сіз бен біздің қолымызда.

Ей, тәкаппар дүние,

                            Маған да бір қарашы.

                            Танимысың сен мені

                            Мен – қазақтың баласы! — деп ақын Қасым Аманжолов ағамыз айтқандай, осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтары Ортаңғы «Күншуақ» тобының ата-аналары. Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

  1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
  2. Мемлекеттік тілдің қадір-қасиеті қандай?
  3. Қазақ тілін тежеп тұрған не?
  4. Тілдің үш тұғырлығы.

Жауаптарыңызға рахмет!

  Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім – тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілің.

  • Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой-пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңыздар дей келе отырып, Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Білімдіден шыққан сөз,

                   Талаптыға болсын кез

                   Нұрын, сырын көруге

                   Көкірегіңде болсын көз.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

А.М. Каримбаева

МКҚК №6 «Орман ертегі» МДҰ,

тәрбиеші,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.