Home » Жаңалықтар » ТІЛ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕГІЗ ҰҒЫМ

ТІЛ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕГІЗ ҰҒЫМ

2018 жылдың 21 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» келген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (курс жетекшісі – Саметова Жайна Хадиронқызы, Тәрбие және тұлғаны әлеуметтердіру кафедрасының аға оқытушысы) мен Кітапхана бөлімінің (бастығы –Садибекова Гүлнара Алдибекқызы) ұйымдастырумен «ТІЛ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕГІЗ ҰҒЫМ» атты мерекелік кеш өтті.

Кешке институт қызметкерлері, қысқа мерзімді курс тыңдаушылары, басқа да көпшілік қауым қатысты. Кешті  институт директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы құттықтау сөзімен ашты.

Мерекелік кеште ән айтылды, күй тартылды, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері тілге, Тәуелсіздікке байланысты өлеңдер оқып, өздерінің шығармашылықтарын танытты. Сондай-ақ «Кім тапқыр?», «Мың бір мақал» сайыстары өтті. Қатысушылар өздерінің белсенділіктерін танытып, ұйымдастырушылардың сыйлықтары мен көпшіліктің қошеметтеріне бөленді.

Саметова Жайна Хадиронқызы,
тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.