Home » Жаңалықтар » XІ Республикалық қашықтық олимпиадасы I кезеңінің қорытындысы

XІ Республикалық қашықтық олимпиадасы I кезеңінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілдің рухани дамуы және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен 5-10 сыныптарының өзге ұлт оқушылары арасында «Тіл – мемлекет Тәуелсіздігінің символы» XІ республикалық қашықтық олимпиадасының І кезеңін 2017 жылғы 24 ақпанда өткізді.

Олимпиаданың I кезеңі  on-Line желісі арқылы www.daryn.kz сайтында өтті.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 5-10 сыныптарында оқитын 2193 өзге ұлт оқушылары қатысты. Астана қаласы білім беру мекемелерінен қатысқан оқушылардың арасынан 37-сі («Cтоличный» лицейі, №48, №41, №6, №28, «Экономикалық лицейі», №46, №47, №59, №31 мектептері мен «Мирас» ХМ)  жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

Дегенмен 2017 жылғы наурыз айының 28-29 күндері аралығында Астана қаласында өтетін Олимпиаданың II қорытынды кезеңіне 5-8 сыныптардан І орын жеңімпаздары және 9-10 сыныптардан 60 ұпай жинаған оқушылар қатысады.  www.daryn.kz  сайтында берілген қорытынды бойынша  Ережеге сәйкес Астана қаласы бойынша Диана Беккер «Лицей «Cтоличный», Елизавета Конопляная «Лицей «Cтоличный», Милана Чаленко «Лицей «Cтоличный» 5 сынып оқушылары Олимпиаданың II қорытынды кезеңіне шақырылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.