Home » Ашық сабақтар » Тіл және сөйлеу. Жаңабаева Лаззат Халиятқызы

Тіл және сөйлеу. Жаңабаева Лаззат Халиятқызы

Мақсаты:

  • Тіл және сөйлеу жайлы түсінік бере отырып, сөйлеу түрлерін ажырата білуге баулу;
  • Тілін, сөздік қорларын дамыту;
  • Байқампаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, оқулық

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық дайындық.

— Әр бір адам? — Туысым, досым, жұрағат.

— Әр бір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.

— Әр бір ісің? — Шындық, бірлік, адалдық.

— Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздан көп нәрселерді ұғынып үйренеміз деген оймен сабақты бастаймыз. Бір-бірлеріне сәттілік тілеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма. Әңгімені өзің әрі қарай жалғастыр.

 

ІІІ. Білімдерін пысықтау.

Адамдар бір-бірімен қалай түсініседі?

Тіл не үшін қажет?

 

ІV. Мақсат қою кезеңі: Сөйлеудің түрлері мен мәнері.

 

  1. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 5. Мәтінді оқы.

Ауызекі сөйлеу – біз дыбыстап айтатын немесе құлағымызбен еститін сөйлемдер. Яғни бұл – үн арқылы берілетін сөйлеу.

  1. Мәтінді оқы.

Жазылып берілетін хабар «жазбаша сөйлеу» деп айтылады. Жазу үшін адамдар әріпті немесе басқа да таңбаларды пайдаланады.

Адамдар әріптерді бірден ойлап таба қойған жоқ. Ерте замандарда бір-біріне айтатын хабарын тасқа сурет салып білдіретін болған. Қазір мұндай жазуды жол белгілерінен байқауға болады.

Мәтінде не туралы айтылған?

Қалай ойлайсың, ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болған?

Дәптермен жұмыс. Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жаз.

Сергіту сәті

«Кім жылдам» ойыны. Әр топқа мақал-мәтелдер таратылып беріледі, көп нүктенің орнына тиісті сөздер жазады.

Болат … шынығады,

Батыр … шынығады.

Жаңбырменен … көгерер,

Батаменен … көгерер.

 

Батыр бір өлер ,

Қорқақ …     өлер.

Ер жігіт …   үшін туады,

…               үшін өледі.

 

Ел үмітін … ақтар.

Ер атағын … сақтар.

Батыр туса … ырысы.

Жаңбыр жауса … жер ырысы

  1. Бекіту. 7. Сөйлемдерді оқы.

Әр сөйлемдегі қимыл иесі сөйлеу тілінің қай түрін қолданғанын айту.

VIІ. Қорыту. Арнайы суреттер бойынша сөйлеу тілінің қай түрі екенін айту.

VIІІ. Үйге тапсырма: 8-тапсырма. Өзің ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысын қай кезде, қалай қолданатының туралы әңгімеле.

Бағалау.

Жаңабаева Лаззат Халиятқызы

«Б.Тамабаев атындағы орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы,

Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.