Home » Жаңалықтар » Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби

Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби

Жуырда Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасының  ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренингі болып өтті.

   Семинардан бұрын аудиторияға «Әліпби тарату акциясы» іс жүзіне асырылған. Өйткені бір әліпбиді үйрену үшін көру, есту, жазу дағдысы бар екендігі аян. Жалпы бұл туралы ұйымдастырушылар жиналған жұртқа түсіндіріп өтсе, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Балмира Мырзабаева егде және жастардан құралған қатысушыларды сахнаға шақырып, жаттығу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараға латын негізіндегі қазақ әліпбиінің әріптерін жаңадан үйреніп жүрген медицина қызметкерлері белсене қатысты.

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасаның басшысы Сұлушаш Сейтбекова қатысушыларды ынталандырып отырды.
Қорытындылай келе, семинар-тренингке атсалысқан мемлекеттік қызметкерлер латын әліпбиіне байланысты сауалдарын қойып, тіл мамандарынан нақты жауап алды.

 

Бошаева Шарипа Бегалиевна
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Дмитрий Карбышев атындағы
№16 орта мектеп,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.