Home » Жаңалықтар » Тіл-достықтың алтын көпірі

Тіл-достықтың алтын көпірі

22-ші қыркүйек  Қазақстан халықтарының тілдер күні қарсаңында Қостанай қаласы №115 орта мектебінде «Тіл-достықтың алтын көпірі», — тақырыбында үш тілдік іс-шаралар өтті. Мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өз ана тілін құрметтеп, өзге тілдерді  білуіне бағдар жасау. Елімізде  қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі болып табылады.

  

Бұл күні мектебімізде  үш тілдік ақпараттық стенд безендіріліп, кітапханада кітаптар көрмесі ұйымдастырылды, мектеп мұғалімдері мен оқушылары тілдер күніне арналған эмблема тағып жүрді. Барлық сыныптарда бірегей  Тілдер мерекесіне арналған сынып сағаттары өтті. Іс-шарамыз мерекелік үш тілдік концертпен  қорытындыланды. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып,әндер шырқады,ұлттық аспаптарда әуендер ойналды. Мерекелік концерт  ағылшын тілі пән мұғалімдерінің әуенді әнімен аяқталды. Бұл күндік танымдық  іс-шара көрермендердің көңілдерінен шыға білді.

                                              Султангалиева Г.К.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы,
№115 орта мектебінің
ағылшын тілі ӘБ жетекшісі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.