Home » Жаңалықтар » Тіл достығы – халық достығы

Тіл достығы – халық достығы

№8 П.Д. Осипенко атындағы орта мектебінде 2016-2017 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Сөзмерген» үйірмесі көптеген іс-шараларды  ұйымдастыруда. Соның бір айғағы   «Тіл достығы – халық достығы» тақырыбында 5-7 сыныптар аралығында  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа  орыс бөлімінен де қазақ тілін сүйіп оқитын 5-7 сынып оқушылары қатысты. Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру және поэзияның құндылығын дәріптеу.
Поэзия   әлеміне   көз   салсақ   қазақ   халқының  арман  — мұраты,  шаттығы  мен  қайғысы   ең   алдымен  ақын  жүрегіне  жиналған, ақын  өлеңдеріне   арқау   болған.   «Сөзмерген» қазақ тілі мен әдебиеті пәні  үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жыр-өмір» тақырыбында  айтулы, дара ақындарымыздың жырларынан поэзия кеші өтті. Кешке  үйірме оқушыларымен бірге мектебіміздегі  директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Мусаева, география пәнінің мұғалімі А.Мажинов, тарих пәнінің мұғалімі А.Боранбаев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Жармаханова, тәлімгер Г.Айтбаева   қатысты.   Кеш барысында ұстаздар мен оқушылар өздері сүйіп оқитын ақындардың өлеңдерін оқып, жырмен сусындады. Кеш соңында қатысушылар  бір-біріне ыстық ықыластарын білдіріп, алдағы уақытта да ұстаздар мен оқушылардың бірігіп поэзия кешін өткізуді мақсат етті.
Саф алтындай поэзиясын елге мұра етіп қалдыра білген ақын ағаларымыздың өлеңдері әлі талай болашақтарға көшіп, ғасырдан ғасырға қанатын кеңге қағады деген сенімдемін.


 

Қуандықова Гүлназия Нағашыбайқызы
«Сөзмерген» үйірмесінің жетекшісі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.