Home » Ашық сабақтар » Тіл дамыту сабағынан «Солтүстік бұғылары» картинасын қарастыру  

Тіл дамыту сабағынан «Солтүстік бұғылары» картинасын қарастыру  

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Солтүстік бұғылары
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды жетілдіру.
Бағд.мазмұны: 1. Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету. Жұмбақ мазмұнын аша білу және оны құрастыра білуді үйрету.

  1. Бөлініп алынған нысандарды сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Зат есімдерді сипаттауды жаттықтыру. Зейіндерін, естерін, байқағыштықтарын, шығармашылықтарын, қиялдарын дамыту.
  2. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Құралдар: «мысық пен мысықайлар» картинасы, ақ қағазда салынған мысықтың қаңқасы, «сиқырлы» фломастерлер, нысандардың үлгілері, медальондар, сиқыршылар суреттері, сиқырлы таяқша, мольберт.

Сөздік жұмыс: бұғылар, вигвам үйі, бұғы айдаушы

Билингвалды компоненттер: Бұғы — олень

          Бұғы баласы — олененок

           мейірімді – добрая

          солтүстік – северный

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психожаттығу

— Сәлем күн!

— Сәлем жел!

— Сәлем жер!

— Сәлем саған туған ел!

ІІ. балалар, бүгінгі сабақта суретті қарастыруды жалғастырамыз, содан кейін әдемі шығармашылықты әңгіме құрастыруды үйренеміз.

— Дымбылмес бізге бір хат алып келіпті, ол қонақтармен бірге сабаққа қатыспақшы екен. Хатын оқып көрейік.

— Балалар біз суреттер жер бетінде адасып қалдық, қайда баруымыз керек екенін білмей отырмыз, бізді өз елімізге қайтарыңдаршы – дейді. Балалар, мына суреттерді қараңдар, қандай әдемі. (хаттың ішінде бүтіндей суреттер болады).

— Алдымен суретті қайда салушы едік? Әрине ақ қағазға. Ендеше мен де ақ қағаз дайындайын.

— Мына бір үйді қайда қояйын? (үстіне, астына, ортасына өздері айтады)

— Бұғының баласын ше?

— Бұғының өзін?

— Бұғышы қайда кетіп бара жатыр? Оны қайда қояйын?

— Бұғы не жеп жатыр? Оны қайда қояйын?

(Осылай барлық атаулар үлкен ақ қағазға қойылып шығады).

  • Енді осы суретті сиқырлы таяқшамызбен сиқырлаймыз, ол үшін көзімізді жұмамыз (сиқырланады, нағыз әдемі картина көз алдымызда пайда болады).
  • Міне керемет, енді әдемі картинамен біздің жасаған картинамызды салыстырайық.

Ойын: «Дүрбі»

 

-Қолымызға дүрбілерімізді алып картинаны зерттей бастаймыз. (картинаны қарайды).

— Бізге досымыз «Бәрін бөл» сиқыршысы көмектеседі. Ол нысандарды бөлуді талап етеді? Балалар

— Кім қандай нысанды бөліп алады?….

— Мен бұғыны бөліп алдым.

— Мен бұғының баласын бөліп аламын.

— Мен Мен үйді бөліп аламын.

— Мен шөпті бөліп аламын.

— Мен қарды бөліп аламын.

— Шананы бөліп аламын.

— Бұғы айдаушыны бөліп аламын.

— Шауып бара жатқан бұғыларды бөліп аламын.

— Мен алыстағы тауларды бөліп аламын. (бөлінген нысандар тақтаға ілініп отырады).

Ойын: «Дос іздеймін» 

— Балалар өзара нысандарды қосып, оларға дос іздей бастайды.

— Мен бұғыны бұзауымен қосамын, өйткені оның анасы.

— Мен бұғыны шөппен қосамын, ол шөп жеп жатыр.

— Мен Бұғы айдаушыны бұғылармен қосамын, өйткені ол оларды айдап бара жатыр. (осындай сөйлемдер легі кете береді)

  • Балалар келесі сиқыршыларымыз бізді сиқырлы саяхатқа шақырмақшы, барамыз ба?
  • Сиқыршылардың аттары «Бәрін естимін», «Бәрін иіскеймін», «Бәрін қолыммен сипаймын». Бұл сиқыршылар бізді картинаға енуімізді сұрайды. Көзімізді жұмып сиқырлы кілемге отырып ұшайық.

«Картинаға ену» ойыны

  • Не естіп тұрсыңдар?
  • Не сезіп тұрсыңдар?
  • Ненің иісі бар екен? (шұғыл қойылған сұрақтарға жауап алу)

ІІІ. Сергіту сәті:

Ойын «Бұғының үйі үлкен»

Бұғының үлкен үйі бар,

Ол әйнекке қарайды.

Қоян жүгіріп келді,

Есігін оның қақты.

«Тоқ – тоқ» есік аш,

Орманда аңшы бар — қаш.

Қоян – қоян кіре ғой

Алақанды бере ғой.

  • Балалар картинадан шығып топқа қайтатын уақыт келді. Барлығымыз көзімізді жұмып сиқыршылар бізді қайтарсын деп өтінейік.

(топқа оралу)

ІҮ. Әңгіме құрастыру.

— Балалар өздерінің көрген білгендеріңді әңгіме ретінде айтып бере аласыңдар ма?

— Кім тақтаға шығып әдемі, әсерлі әңгіме айтады?

(әңгімелер тыңдалынады)

Ү. Картинаға ат қою.

— Енді картинаға ат қояйық. Қалай деп ойлайсыңдар?

-«Бұғы», «Бұғы айдаушы», «Солтүсік бұғылары» т.б.

ҮІ. Қорыту

— Қандай суретті талдадық?

— Кімнің әңгімесі ұнады?

— Қанадй қонақтар келді?

— Сиқыршылардың аттары қандай?

— Картина қарастырған ұнады ма?

 

 

 

Айткулова Мадина Сансызбаевна,
Павлодар облысы Аққулы ауданы
Шарбақты ауылы
«Қызғалдақ»  сәбилер балалар бақшасының тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.