2017 жылдың 10-28 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-нда филолог-мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша көптілділік идеясын тарату және лингвистикалық деңгейді дамыту мақсатында «Тіл – барлық білімге бастау» ақпараттық-дайджесті өткізілді.
Ақпараттық-дайджест жалпы білім мектептерінің филолог-мұғалімдердің оқыту үрдісін ұйымдастыру және көптілділік идеясын тарату бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған.
Ақпараттық-дайджест – белгіленген проблема бойынша маңызды фактілер, мазмұнды негізгі идеялар, ақпараттар жинағы.
«Тіл — таным» бағытында педагогтар әртүрлі жанрдағы (эссе, өлең) өзіндік шығармашылық туындыларын орналастырды.
«Тіл және БАҚ» бағыты бойынша көптілділікке байланысты өзекті тақырыптарға және білім беру жаңарту мазмұнына байланысты баспада және электронды БАҚ жарияланған мақалаларын орналастырды.
Жұмыстың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертикаттар берілді.
Танылған ең үздік қатысушылар:
2 орын — Тиловай Элеусз, Федоров ауданының Успенов ОМ мұғалімі;
3 орын — Тургаева Гульсара Аманжоловна, Қостанай қаласының М.Горкий атындағы гимназияның мұғалімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Г.С. Жусупова
«Өрлеу» БАҰО филиалы Қостанай облысы
бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі