Home » Ашық сабақтар » Тілім менің- -тірегім (тілдер апталығына арналған)

Тілім менің- -тірегім (тілдер апталығына арналған)

Озғанбаева Ұлболсын Түркменбайқызы                                                

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы,

№9 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 Мақсаты:

а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық — әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру;

ә) Ойлау, есте сақтау қабілетін  дамыту, тіл байлығын дамыту,  мақал- мәтелдердің мән — мағынасын түсіну, бойларына сіңіру;

б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қанатты сөздер, суреттер.

Түрі: танымдық ойын.

Әдісі: сайыс.

Өту барысы

— Құрметті ұстаздар жәнеде мектеп оқушылары! Мектебімізде  23-28 қаңтар аралығында тілдер апталығы өткізілуде. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі «Тілім менің-тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысына  қош келдіңіздер!

Мемлекеттік әнұран

Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар — ождан, адамгершілігіміздің айнасы.  Адам  ана тілімен бақытты,  ана тілімен асқақ. Тіл — халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет  жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сондықтан

Ана тілім, дана тілім — Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғалауға, шұбарлауға көнбеген  — дей отыра
«Тілім менің-тірегім» атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Сайыс кезеңдері

  1. 1. Таныстыру.
  2. Мәнерлеп оқу (ақындардың өлеңдері).
  3. Кім білгір? (суреттер арқылы мақал құрастыру).
  4. Ән (тіл, отан, туған жер)

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.

Физика пәні мұғалімі Таджикова Айгул апай, орыс тілі пәні мұғалімі Орынбаев Қуанышбек ағай (келіп қатысқан мұғалімдерді таныстыру).

Сәлем — сөздің анасы, сөз атасы

Ұстаздардың қабыл болсын батасы

Қол соғып, ортамызға тарландарды

Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі -деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.

1.Таныстыру.

Ортаға  5 А, 5 Ә, 5 Б оқушылары шығады. Өздерін таныстырады.

  1. Кейінгі ұрпақ  жырларын жаттап қанықты,

Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.

Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың,

Өлеңдер оқып, өзіңді-өзің танытшы!- деп, келесі кезекте өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына берейік.

  1. Мақал-мәтел — бабадан қалған мұрамыз,

Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.-деп, сайыскер топтар, берілген суретке мұқият қараймыз. «Кім білгір?» (әр топ көрсетілген суреттер арқылы  мақал құрастырады) интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі.

  1. Ана тілім — ардағым, мәртебелім,

Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?

Қадірін де халқымның біле алмай,

Қалар ма еді айтылмай айтар әнім — дегендей өз әндерімен топ әншілерін ортамызға шақырамыз.

Әділқазылар алқасына  сөз беріледі. Әділқазылардың шешімін тыңдау.

Әуездісің, әдемі  тілі  елімнің

Әуенісің  ұлан — байтақ жерімнің

Самғай берсін шартарапқа өр үнің — деген тілекпен «Тілім менің-тірегім» атты мәнерлеп оқу  сайысымызды  аяқтаймыз.

Келіп қатысқандарыңызға  рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.