Белгісі болса – жолдан жаңылмас,
Білімі болса – сөзден жаңылмас.
Жуырда Созақ ауданы Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектепте 8-9-сыныптар аралығында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыстың мақсаты: Латын әліпбиіне көшу, оның маңыздылығын насихаттау.
Пікірсайыста 8-9-сынып оқушылары өз ойларын ортаға салып, талқылады. «Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадам жасағанбыз. Ұлт үшін, болашақ ұрпақ үшін дәл осындай шешім қабылдауды ұсынған Елбасы күні кешегі «Болашаққа бағдар — Рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында аталған идеяны жүзеге асыратын мезгіл жеткенін атап өтті. Менің айтпағым, мақсатымыз – латын әліпбиіне көшу жайында, қазақ елінің әліпбиінің тағдыры жайлы Елбасы ұстанған бағыт-бағдарға үн қосу» — деп 9-сынып оқушысы Балтабай Азада өз сөзін қорытындылады.
Сарапшылар әр топтың осы пікірсайыста қосқан үлестері мен айтылған ойларын сараптай келіп, жеңімпаздарды анықтады. Оларға мектеп ұжымының атынан мадақтама қағаздарын берді.
Абдырахманова Манзура,
Науайы атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Созақ ауданы, Созақ ауылы