қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Санаты: екінші
Еңбек өтілі: 8 жыл
Ғылыми-әдістемелік тақырыбы: Жаңа технологияларды (технологиялық карта, метасызба) пайдалана отырып, оқушының білім алуын ұйымдастыру, таным-түсінігін кеңейту.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 8 «ә»
Мектебі: М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей
Тараудың тақырыбы: Құрмалас сөйлем және оның түрлері. Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.
Жалпы оқу мақсаты: Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталап, алған білімдерін бекітіп, салалас құрмалас сөйлемді қолданып, сөйлем, мәтін құрастыру.
Күтілетін нәтиже: Салалас құрмаластың барлық түріне мысал жаза алады. Сөйлем құрайды, мәтін құрастырады.
Табыс критерийлері: Құрмалас сөйлем туралы толық біледі, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді сөйлем құрауда дұрыс қолданады. Айырмашылықтарын біледі. Құрмаластың барлық түрін еркін ажырата алады.