Home » Балабақша » ТЫНЫШ! Қазір басталады…

ТЫНЫШ! Қазір басталады…

                    

 

Бүгінгі сапарда қыр асып қалаларға, бел асып облыстарға кетпедік. «Отбасы ошақ қасы» дегендей болды. Деседе, біраз мағлұматқа қарық болғандаймыз.

Астана қаласының Байқоңыр ауданына қарасты, Көкшетау тас жолының бағытында орналасқан («Лесозавод» бұрынғы кездері қаланың шеті болғандықтан ағаш, кірпі, с.с.т.б завоттар көп болған соң солай атаған болу керек) Өндіріс (қазіргі атауы) деп аталатын елді мекенге атбасын бұрдық. Бағытымыз білім саласы болғандықтан, балабақшалар мен мектептерге кіріп тыныс тіршілігімен танысқанды жөн көрдік. Жол бойында бірінші кездескені Астана қаласының білім басқармасына қарасты №43 «Қызғалдақ» балабақшасы болды. Шағын ғана бір аулада орналасқан екі ғимараттан тұратын мекемеде 12 топты құрайтын 300 ден астам бүлдіршін тәрбиеленіп, 25- астам педагог қызмет жасайды. Баxытжан Саурқызы әдіскерлік көмек көрсетіп, оқыту, үйрету мәселелерін тиянақтаған.

Біз кіргенде 8 наурыз халықаралық қыз — келіншектерге арналған іс шара (ертеңгілік) үстінен әдейі келгендей болдық. Музыка залына кіргеніміз сол еді. «Тыныш қазір басталады» деген пәрменді дауыс шықты. Есік айқара ашылып, көздің нұрын жандырып, жүректі шаттандырып, маң-маң басып, жүзімізге еріксіз күлімсіреу үдерісін оралтып, ортаңғы топ бүлдіршіндері кіріп келді.

Ата-аналар арасында қуаныштан шашу шашылып, байсалды отырған кісілер, автоматты түрде фотоға, видеоға түсіруші қызметкерге айналды. Топ тәрбиешілері Баxыт Серікқызы мен Лаура Алдабергенқызы бүлдіршіндерді жақсы дайындағаны көрініп тұр. Балалар бірінен — бірі асып түсердей өнер көрсетті, тақпақтар оқып, өлеңдер айтып, биде биледі. Осындай ұжымды басқарып отырған Камшат Убайдуллақызының еңбегіне жеміс, ісіне береке тілеп бағытымызды әрі қарай түзедік.

 

Келесі кездескен  Бақыт Исақызы меңгерушілік атқаратын, Астана қаласының білім басқармасына қарасты №10 «Бөбек» МКҚК мекемесі болды. Бұл жерде де іс шараның үстінен түстік. Асем Қабылданқызының тәрбиешілік ететін отраңғы «Балауса» тобының ертеңгілігі өтіп жатты.  Балбұл жанған жүздерді, нұр жайнаған көздерді көрдік. Кедергі жасамайық деп тез — тез суретке бастықта жөнімізге кеттік.

«Болам десең, бесігіңді түзе» бәріміз балаларымызды жақсы көреміз. Таңертең балабақшаға табыстап, кешке алып кетеміз. Үйге келген соң «не үйрендің дегеннің орнына, не жедің» деген сынды сауалдар қоямыз. Ал, балабақшада қамқорлықта, білім де, өнерде жан – жақты  қамтылатын жұмыстар атқарылады. Біз соны жете түсіндік пе? Сен, мен дегенді қойып бірігіп бабалардың болашағына жұмыс атқарайықшы.

 

 

 

 Астана қаласы,
Білім айнасы Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.