Home » Білім және тарих » Туған өлке тарихы

Туған өлке тарихы

Созақ – қазақ тарихында айрықша орны бар киелі өлке,
алғаш исламның нұры төгілген қасиетті аймақ.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде мектебімізде әр түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Созақ ауылының Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 2-«Г» сынып оқушыларымен бірге мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Валибаев Ахмет ағайымыз «Туған өлке тарихы» атты сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында   «Созақ» ауылы туралы, оның тарихы мен киелі әулиелері жайлы айтылды.
Созақ – Қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған қала. 1465-1469 жылдар аралығында Керей мен Жәнібектің ордалары осы қалада тігілген екен. Археологиялық зерттеулер Созақ қаласының шамамен екі мыңжылдықты құрайтынын айтады. Бұл жерде орта ғасырға жататын екі қаланың орны бар екен. Алғашқысының аты – Тарсатөбе деп аталады. Қала қазіргі ауылдың солтүстік-күншығысына қарай орналасқан. Ал келесі ауылдың ортаңғы жағындағы жергілікті халық «Өргешігі» деп атайтын бұрынғы Созақтың орны.
«Қарабура әулие» – Арыстан бап пен Қожа Ахмет Яссауидың замандасы, яғни ХІ ғастырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тарихи тұлға. Қарабура әулие – Қараханилық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін.
Оқушылар сұхбат барысында көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап тапты. Сұхбат қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар өзінің туған жері «Созақтың» тарихымен, қасиетті жерлерімен таныс болды.

Туланова Зайнаб,
ОҚО, Созақ ауданы, Созақ ауылы,
Науайы атындағы жалпы орта мектебі,
Бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.