Home » Мақалалар » Туған өлкенің жылнамасы (Сыр өңірінің жылнамасы)

Туған өлкенің жылнамасы (Сыр өңірінің жылнамасы)

7 сыныпқа «Өлкетану» курсының оқу бағдарламасы аясында Қазақстан тарихына кіріктіріп оқыту.
Зерттеу сұрағы: Ақмешіт, Перовск, Қызылорда атауларының шығу тарихының маңызы неде?
Оқу мақсаттары: дереккөздер негізінде өлке дамуының тарихи маңызды кезеңдерін анықтау; туған өлкенің шежіресін білу; тарихи оқиғалардың хронологиясын құрастыра білу.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: 2 минутта Сыр өңірінің 4 астанасын анықтап, картадан көрсетеді;

Басым бөлігі: 5 минутта кем дегенде Сыр өңіріндегі тарихи кезеңді сипаттап, 2 ұқсастығын, 2 айырмашылығын салыстырады;

Кейбірі: 10 минутта кем дегенде Сыр өңірінің әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығының  5 ерекшелігін анықтап, құндылығына баға береді

Бағалау критерийі:

  1. Сыр өңірінің аумағын, аудан орталықтарын картадан көрсетеді;
  2. Сыр өңірінің тарихи жылнамасындағы астаналарының аталу себептерін дәйектермен дәлелдейді;
  3. Сыр бойындағы қалалардың дамуына әсер еткен факторларды анықтайды

Ойлау деңгейінің дағдысы: Білу, түсіну, қолдану

Тарихи концепт (фокус): Өзгеріс пен сабақтастық, ұқсастық пен айырмашылық

Тілдік мақсаттар: Сыр өлкенің жылнама тарихындағы өзгерістер туралы ақпаратты тыңдайды, оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жылнама, дәуір, Ақмешіт, Қызылорда, Перевск форты, уез, генерал-губернатор, әкімшілік-саяси реформа қаулы сөздерінің мағынасын топтық жұмыста талқылап, жазады

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы…Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Құндылықтарға баулу: Туған өлкенің өткен тарихындағы табыстарына, ескі атауларына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс: Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру.

Сабақтың басы: Сабақтың ұйымдастыру кезеңі (сынып оқушыларымен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл−күйлеріне назар аудару)

1-ші қадамы «Амандасу» арқылы оқушыларда шеңбер құрып, өзге ұлт өкілдерінің амандасу салттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Не себепті ұлт өкілдерінің амандасу салттарын алдық деп ойлайсыздар?

Оқушы пікірі: Себебі…Облысымызда өзге этнос өкілдерінің үлес салмағы жалпы алғанда 4% құрайды. Қазіргі кезде облыста 35-тен астам этностар өмір сүруде.11 этно-мәдени орталық құрылған.Сыр елінің пейілі де, көңілі де кең халық.

БЫМ. Сыр өңіріндегі қалаларына қатысты суреттері көрсетіліп, төмендегі сұрақтар қойылады. Бұл іс-әрекет тақырыпты ашу мақсатында жүргізіледі.

(Ж) Бұл суреттердің сабаққа қаншалықты байланысы бар деп ойлайыздар (Оқушылар қазақстан тарихындағы білімдерін пайдаланып, Ресей империясының тұсындағы Сыр өңіріндегі қалалар мен бекіністер салынғандығын еске түсіріп, мүмкін деген жорамалдарын айтады)

  • Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

Мұғалім оқушыларды пікірлерін тыңдай отырып тарихи атаулардың мән-мағынасына тоқталады

(Ж.Ж.)2ші қадамы «Білім аралына» арқылы топқа бірігеді (аралас топқа біріктіру).

М. Оқушыларды «Білім аралына» жолдама алуға шақырамын, Жолдамада жеңілден күрделіге қарай үш түспен жазылған 3 сұрақ тұрады.1 минут уақыт беріледі.Болжам сұрақтар арқылы оқушылармен ой сергіту жүргіземіз.

(М) Болжам сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады

  1. Сыр өңірі үшін тарихи жыл деп аталу себебі неде?
  2. «Шірік рабат», «Сығанақ», «Ақмешіт», «Қызылорда» атауларының бір-бірімен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?

3.Туған жеріңді қалай бағалайсыз? 4. Олай болса, бүгінгі тақырып не туралы?

ҚБ Шапалақ (Жақсы жауап берген оқушыларды ынталандыру үшін шапалақ ұрылады) Оқушылардың зейінін зерттеу сұрағына аударып, бүгінгі тақырыпта не қарастырылатынына болжам жасатылады.

Сабақтың ортасы: (М) Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

М/Б Оқушылармен бірлесе отырып, мұғалім түсіндірмесі жүргізіледі. Түсіндіру барысында жетелеуші сұрақтар қойылып отырады

  • Сыр өңірінің алғашқы қалану кезеңдері
  • Кеңес өкіметі кезіндегі қаулылар
  • Қазіргі Қызылорда келбеті

3-қадам «Кинометафора әдісі» арқылы бейнематериал көрсетіледі. Оқушыларға «Қызылорда тарихы туралы» бейнематериал ұсынып, диалог жүргізіледі. https://www.youtube.com/watch?v=xPPITXBJDws. Сыныптың тыңдалым, айтылым  дағдылары арқылы төмендегі жетелеуші 3 сұрақпен диологқа түсуге жұмыс жасаймын.

  • Қандай мәлімет білесіз? Нені көріп байқадыңыз? Өткен тарихпен байланыстырасыз? Туған жеріңді қалай бағалайсыз?

Ұ.Әр топ жетелеуші сүзгі сұрақтар.

  1. Ақмешіт бекінісінің іргесі қай жылы қаланды? Не себепті «Ақмешіт»деп атады?
  2. Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийдің басты мақсаты қандай болды деп ойлайсыздар?
  3. Сырдария облысына қандай уездер енгізілді? Сол кезеңдерде орталығы қай қаланы лайықты деп ойлады?
  4. 1917-1925 жылдары қандай оқиғаларды куәлік ете аламыз?
  5. Қазақ Республикасы» деп аталуына не түрткі болды деп ойлайсыздар?
  6. Қызылорда атауын қай жылы алды? Неліктен «Сыр Алаштың-анасы», «Келбеті көркем, әсем қала» деп бағалаймыз? Өзіндік көзқарасыныңызды білдіріңіздер?

Бағалау критерий. Сыр өңірінің тарихи жылнамасындағы астаналарының аталу себептерін дәйектермен дәлелдейді ҚБ. (Жақсы жауап берген жұптарға кубоктің суреттері таратылады)

(Т.Ж) 4-қадам: «Иллюстрация» әдісі арқылы суреттер топтамасымен жұмыс жүргізу. Оқушылар суреттерге қарап, сұрақтаға жауап береді. Жауаптарын стикерге жазып, суреттің тұсына іледі. Сыныпқа өз жауабын таныстырады.

Топтардың міндеті: берілген деректерден алынған жылдармен, қала атауларымен, салыстырмалы суреттермен барынша ақпарат алып, оны талдау, қорытындылар шығару.


Бағалау критерий:
Сыр бойындағы қалалардың дамуына әсер еткен факторларды анықтайды.

Дескриптор: Білім алушы

1-топқа:

  • Ақмешіт бекінісінің құрылысына сипаттама береді;
  • Халықтың іс-әрекетін анықтайды;
  • Ақмешіттің тіршілігі туралы өз пікірін білдіреді.

2-топқа:

  • Қалалық мәдениетіне байланысты 1 дәлел келтіреді;
  • Қалалық мәдениетіне байланысты 2 дәлел келтіреді;
  • Қалалық мәдениетіне байланысты 3 дәлел келтіреді;
    3-топқа:
  • Сыр өңіріндегі ерте және қазіргі қала құрылысының 1 айырмашылығы 1 ұқсастығын біледі.
  • Сыр өңіріндегі ерте және қазіргі қала құрылысының 2 айырмашылығы, 2 ұқсастығын біледі.
  • Сыр өңіріндегі ерте және қазіргі қала құрылысының 3 айырмашылығы, 3 ұқсастығын біледі.

М Кесте арқылы Сыр өңірін  жылнамаларына тоқталып, түсіндірме жүргізеді. Көрсетілімде көрсетілген факторларды қарастырады. Пікірлерін айтады.
5-қадамы «Қос диограммасы» арқылы Астана пен Қызылорданың ұқсастығы мен айырмашылығын  айту.
Қорытынды: Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Кері байланыс:«БАС, ҚОЛ, ЖҮРЕК».
Бас −бүгінгі сабақта бас арқылы нені меңгердіңіз?
Қол −бүгінгі сабақта қолыңыз арқылы нені жасай алдыңыз?
Жүрек −бүгінгі сабақта жүрегіңіз арқылы нені сезіндіңіз?
Үй тапсырмасы: Жүрегім сен — Қызылорда” тақырыбында әңгіме жазу.

 

СМАҒҰЛ АЙМАН ТІЛЕУБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласы,
«Қызылорда облысының білім басқармасының
Е.Әуелбеков атындағы № 4 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі»,
педагог зерттеуші,
тарих пәнінің мұғалімі, білім магистрі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.