Home » Білім және тарих » Туған өлкем — тұнған тарих

Туған өлкем — тұнған тарих

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қазақстанның жарқын болашағына бастар жолдың – бастауы,- десек артық айтқаным болмасы анық.

Елбасы Жолдауында жетінші басым бағыт – адами капитал-жаңғырудың негізі дегендей бұл бағыттың білім саласы мен денсаулық саласына берер мүмкіндіктері мол.

«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» — дей келе, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігін тапсырды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңаша жұмыс бағыты бар қаладағы «Баларман» балабақшасында «Туған өлкем-тұнған тарих» атты шара болып өтті. Шара барысында балабақша тәрбиешілері Керимова Г.Б, Досбергенова М.Қ. ұйымдастырылған оқу қызметерін көрсетті. Оқу іс-әрекетін бұлдіршіндер үш тілде сәлемдесумен бастап, Сыр бойының және Қызылорда қаласының тарихымен танысып, тарихи тұлғалардың өмір жолдары, қызметтері туралы ақпарат алумен қатар туған жеріміздің қазба байлықтарымен де танысты. Жаңашыл бағытта жұмыс жасайтын тәрбиешілер түрлі жаңа технологиялардың мол мүмкіндігін пайдалан отырып балалармен қызықты тапсырмалар орындап, бала бойына Отанға,туған жерге деген құштарылықтарын оята отырып, қазақстандық патратизмді сіңіре білді. Өнерлі балғындардың бір тобы — түрлі түске боялған тұздармен қобыздың бейнесін жасаса,ендігі бір тобы — қалдық заттардан Сыр бойының символына айналған Қорқыт ата кесенесін жасады.Сонымен бірге балалар зерттеу орталықтарында жұмыс жасап өздерінің білімдерін шыңдай білді. Балаларға берілген барлық тапсырмалар балаларды ерте жастан дамытуға негізделген,жас ерекшеліктеріне сай.
Талантты балғындар бұнымен шектелмей үш тілде ән салып, тақпақ айтып,би билеп өнер көрсетті.
Шараға қатысушы «Нұр Отан» партиясының маманы М.Маратқызы балабақша қызметкерлерінің жұмыстарына риза болып, тәрбиешілерді «Нұр Отан» партиясының Алғыс Хаттармен марапаттап, саналы тәрбие мен сапалы білімді ұштастыра отырып жас ұрпақ тәрбиелеп отырған киелі шаңырақтың басшысы З.Абибуллақызына зор алғысын білдірді.

А.Елеусізқызы,
Қызылорда қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.