Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Өлкетану» бағдарламасы бойынша еліміздің бас қаласының іргесінде алтын қақпа болып орналасқан- Целиноград ауданының Қосшы ауылында Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектебінде жас тарихшылар, өлкетанушылар және экологтар Форумы өтті. Форумға Қосшы №2 орта мектебі, Қосшы №1 орта мектеп оқушылары, Тайтөбе ауылының орта мектеп оқушылары және Астана қаласынан Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенттері келіп қатысты. Бұл форумның басты мақсаты, жасөспірімдердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын сақтауға, табиғатты аялауға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға, сонымен қатар, оқушыларға өлкетану ғылымын тереңінен насихаттау болды.
«Тарихты тану өлкетанудан басталады» — деген ұранмен жас тарихшылар, жас өлкетанушылар және жас экологтар бас қосып өзекті мәселелерді талқылады және өз білімдеріммен бөлісті.
Қорыта келе, осындай форумдардың мектеп оқушылары үшін, әсіресе жас жеткіншектер үшін өткізіліп тұруы маңызды. Балалардың зерттеу, сөйлеу, ойын толық және анық жеткізе білуі артады. Ал білікті, дарынды жастар- біздің болашағымыз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»- деп, тектілігі тереңге тамырлаған бала тәрбиесіне аса назар ударған қазақ халқы айтқан еді. Сондықтан, біз қашанда балалардың рухани бай болуына көп көңіл бөлуіміз керек.
Г.А.Кульчманова
Целиноград ауданы,
Р.Қошқарбаев атындағы №1Қосшы ауылы,
орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары