Home » Мақалалар » ТУҒАН ӨЛКЕМ — БАСШИІМ!

ТУҒАН ӨЛКЕМ — БАСШИІМ!

Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Басши ауылындағы 
«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі Тулпаисова Гулмира Жүнісханқызы

Менің ауылым Жетісудың жерінде, Күренбелдің төрінде, Матай  тау, Алтынемел асуынның бөктерінде орналасқан Басши ауылы. Басши ауылы  елі  мен  жері  бай, «Қыдыр  дарып, бақ  қоңған», — ұлы  мекен.

Ауылдық округ орталығы — Басши  ауылы. Ауыл округі аумағына — Басши  ауылы, Нұрым ауылы, Аралтөбе ауылы, жоғары Басши мекені және  65-шақырым  деп  аталатын  елді  мекендер  кіреді.

Басши  ауылының  іргетасы  1830 жылдары қаланған.

Бұл өңір алғашында «Төңірек» деп аталған, болыстық кезең кезінде «Төңірек» болыстығы құрылған, Шоқан Уалиханов қол жазбаларының біріндегі «Тугерек» деген жер осы Төңірек болыстығы.

Кейіннен жерінде ши өсімдігі көп өсетіндіктен, табиғатпен байланыстыра   отырып, бабаларымыз Басши атауын берген.

Осы тұста айта кетерім біздің ауылда 1996 жылында Мемлекеттік Ұлттық  табиғат паркі Үкімет қаулысымен құрылды. Табиғат паркі бүгінде Қазақстан  халқына ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін  саяхатшыларға да көзайым болатын орынға айналып отыр. Қызыл кітапқа енген  талай аңдарды өз қамқорлығына алып, табиғаттың таңғажайып орындарын  сақтап, болашаққа сол қалпында сақтап отыр десем артық айтпаспын.

Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» — танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді.

Бүгіндері Қазақстанымыздың  экономикасы  арттып,  күн өткен сайын  қарыштап  дамып келеді. Оған дәлел ауыл тұрғындарының тұрмыс денгейі, қала  халқының тұрмыс денгейімен теңесіп келе жатқандығы.

Ауылымыздың орталығында жаңа үлгідегі Мәдениет үйі, «Балапан»  бағдарламасы аясында 2011 жылы  салынған 70 балаға арналған «Бүлдіршін»  бөбекжай балабақшасы, Нұрым мен Басши ауылында жаңа мешіттер салынды, Аралтөбе  мен  Нұрым ауылдарында екі қабатты жаңа мектептер, көп салалы аурухана, дәріхана, «Таза су» бағдарламасы бойынша әрбір үйге су құбыры  тартылып, көше жолдары асфальталған, тұрғындардың  той -томалақ жасау үшін «Алтынемел», «Жібек  жолы» атты мейрамханалар, «Айғай құм» қонақ үйі ел  үшін қызмет көрсетуде.

Мен өзім жұмыс жасайтын «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасында, біздің ауылымыздың тумасы, белгілі кәсіпкер, меценат «Гүлзар» қоғамының директоры,  «Гүлістан» журналының редакторы Гөзел Құлжабаева әдістемелерін кеңінен қолданамын, балалар көп гүлдердің атын, ағаштарды қалай күтіп  баптауын біліп өседі, оның бәрі осы кісінің арқасы десем артық болмас. Біздің балабақшамыз  2011  жылы  «Балапан»  бағдарламасы аясында ашылған болатын, сол жылдан бастап Гөзел апай балабақшаға 50-ден астам ағаш  егіп  берді, оның  ішінде сирек  кездесетің қылқанжапырақты ағаштар, көпжылдық гүлдер, жеміс ағаштардың  түр-түрі бар. Өсімдіктермен ғана қамтамасыз етіп қоймай, көптеген іс-шараларды  өткізіп, балаларға  ойын  аланың  сыйға  тартты, ойыншықтармен көңілдерін  бір  көтеріп тастады. Балаларға арналған көптеген санамақтар, жұмбақтар, әңгімелер, тақпақтар арнаудан ол кісі жалықпайды. Әңгіменің майын тамызып айтатын  қасиетін барлық ауылдастары жақсы біледі. Ол кісінің энергиясына, өмірді    сүйгіштігіне, адамдармен тез тіл табысатындығына таңғаламын да әрі қызығамын.

Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай, «Әр ауылдық округке жиырма мың ағаш» деген үндеу тастап, үлгі ретінде 2011 жылы  біздің  ауылымызда Гөзел  апай  36 000 ағаш екті.  Дәл сол жылы Гөзел апай Оксфорд қаласында өткен  бизнес-самитке қатысып, Виктория Патшайымның қолынан барлық  игі  істері  үшін  кеудесіне  медаль  тағып,  үлкен   абыроймен  елге  қайтқан еді.

Тағы бір бастамасы ол «Қызғалдақтың Отаны — Қазақстан», бұл жерде  тарихты терең  зерттей  отырып  жасалған  жұмыс — деп  те  айтуға болады. Осы  тақырыпта да көптеген конференциялар, тренинг-сабақтар өткенің біз жақсы  білеміз. Әлемде көптеген елдер мысалы Голландия, Франция осы гүлдер арқылы  елінің экономикасын дамытып отыр, ал біздің елде осындай күрделі, машақаты  көп жұмыстарды атқаратын бірнеше ғана адамдарды айтуға болады, олардың  ішінде біздің Гөзел апайымыз, бірі де және бірегейі!

Қазақ десе бірден ойға Абай атамыз есімізге оралатыны анық емес пе… Осы  орайда, Гөзел апайдың тағы бір кереметі, әдебиетті білетін, терең ұғатын  адамдардың қатарында деуге болады, Абай атамыздың 170 жылдығына ақынның туған жері Семейде 170 түп емен ағашын екпек болған жоспары алайда іске  аспады. Бірақ, Гөзел апай онымең тоқтап қалмады бұл  ойын, біздің  жерімізде   Нұрым ауылында «Абай жолы» атты саябақ егіп беріп, ел игілігіне жаратты.  Мемлекетімізде 2012 жылдың «Жанұя жылы» деп аталуына байланысты Басши ауылдық округіндегі 10 га жерге Қазақстандағы тұңғыш «Батыр ана» саябағын орнатып және ашылу салтанатын өткізді Бұл  шараға көптеген жазушылар, атқамінер азаматтар, мәдиниет қайраткерлері, жан-жақтан келген мұғалімдер, оқушылар қатысқан.

Мұндай өнегелі істің өсіп-өркендеуі де әсер ықпалы болары сөзсіз. Осы уақытқа дейін ол кісі мемлекетті абаттандыруға біршама үлес қосты. Нәтижелі жұмыстар әлі де өз жалғасын табатынына кәміл сенеміз. Ауылдың өнерлі,  талантты талай жастарының жоғарғы оқу орнына түсуіне ықпал еткен Гөзел апайды елі мақтан етіп айтады. Жастарға деген қамқорлығы, жанашырлығы  бәріне мәлім.

Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым келеді: «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, келер ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты» — дегендей дәл осы бағыт-бағдармен  болашақ ұрпаққа үлгі болар тұлға.

Осындай жерің, елің сүйген жанның біздің ауылымызда дүние есігің  ашқаны мақтаныш! Болашақ ұрпақты табиғатты аялауды, әр гүлін, әр шөбін, әр тасын қастерлеуді айтып, өз ісімен дәлелдеп жүрген Құлжабаева Гөзел Әліпбекқызы нағыз осы заманның кемелді, парасатты жаны  деп айтсақ артық болмасы анық!

«Өсімдіктер әлемі» бағыңда өткен Халықаралық семинарға қатысушылар

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысқан «Бүлдіршін» балабақшасының балалары мен ұжымы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.