Home » Тұлға » Туған өлкемнің танымал тұлғалары

Туған өлкемнің танымал тұлғалары

Мен туған өлкем — Қарағанды. Қарағанды өлкесі өте әдемі, өте көркем. Ал ғарыш әлемі кең байтақ! Мұны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары көп және қызықты. Біздің елімізде «Байқоңыр »ғарыш станциясы бар. Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Осы ғарыш станциясынан менің жерлесім Қазақстанның ең алғаш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те ұшқан. Мен де болашақта Тоқтар Әубәкіров сияқты ғарышкер болғым келеді. Сондықтан Т.Әубәкіров жайлы өз ой-толғауымды жазғым келеді.

Жас кезінен алдына ұшқыш болуды мақсат етіп қойған жандардың бірі — Тоқтар Әубәкіров. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының Бірінші май ауылында дүниеге келген. Жас кезінен ата-анасынан айырылып, ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар жасынан армандайтын, өзінің туған өлкесін аспаннан көрсем ғой деп. Мектепте оқып жүріп, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашютпен секіруге әуестенді. Осылай арманда жүріп ол   мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті.

Училищені бітірген соң, инженер-ұшқыш атағын алды, сөйтіп Тоқтар   Қиыр Шығыста жұмыс ітеп жүріп, бірінші класты ұшқыш атағын иеленді. Ол өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарған: түрлі маркадағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан өткізді.Сонымен қатар жас ұшқыштың әлі де алдына қойған көп мақсаттары бар еді,ақыры ол өз арманына жетті. 1986 жылы «Тбилиси»авиакрейсеріне «МИГ-29К»дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып,сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін менің жерлесім, мақтан тұтатын Т.Әубәкіров Гинестің рекордтар кітабына енді. Тоқтарды біз ержүрек батыр деп айтамыз,өйткені ол елуден астам жаңа ұшақтарды сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды асырғаны үшін ер жүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Осылай қазақ жігіті Ел алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығы алдында дәлелдеуін осылай бастады. Қазақ жігіті бұл кез туралы былай деп әңгімелейді: «Ол кезде ғарышқа тек Тоқтар Әубәкіров емес, бүкіл Қазақ баласы ұшып бара жатты. Сонда мен рапортты басқа тілде беруім керек пе? Рас, ол уақытта мен қазақ тілін онша меңгермеген едім.Оның себебі 30 жыл өмірім орыстар арасында өтті. Сонда да тілімді бұрап: «Мен қазақпын! Мен ұшуға дайынмын! Қазақ халқы үшін !»-дедім. Осы сөздерден Тоқтар Әубәкіровтің қалай Отаның,халқын, ана тілін –қазақ тілін қалай сүйетінің байқалады. Мысалы келтірсек «Кемеңіз от алып,жерден көтеріліп бара жатқанда, қандай сезімде болдыңыз?»-дейсің.Жалпы ғарышкерлердің арасында мынадай заң бар. Ол сөз орыстың ең алғашқы ғарышкері Ю.А. Гагариннен қалған. Ғарыш кемесі көтерілер сәтте «Поехали» деп орысша айту керек. Бірақ мен осы дәстүрді бұзып: «Халқым, сен үшін суға да, отқа да түсуге дайынмын!» — дедім. Бұл сөздерді мен қазақ тілінде айттым және бұл сөздер таспаға жазылған. Әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров еліміздің ғарыш саласында көптеген жылдар басшылық етіп, өз білгенін қасындағыларға үйретіп, ғарыш саласының дамуына үлкен үлесін қосты және Елбасымыздың ғарыш істері жөніндегі кеңесшісі болды. Біздің Елбасымыз Тоқтар Әубәкіровтің еңбегін жоғары бағалаған, сондықтан ғарышқа ұшатын адам тек Тоқтар Әубәкіров деген .“Бірде Шымбұлақта шаңғы теуіп жүргенімде, жақын жолдастарым хабарласады. «Тоқа, неге бізге айтпайсың? Ғарышқа ұшқалы жатыр екенсің ғой» деп ренжиді. Мен аң-таңмын. Ертесіне Нұрекеңе (Нұрсұлтан Әбішұлы) бардым. «Менімен ақылдаспай неге осындай шешімдер қабылдадыңдар? Мен бармаймын. Мен ұшқышпын, ғарышкер емеспін» дедім. Нұрекең: «Білгірлердің барлығынан сұрастырдым. Бәрі бір ауыздан дәл қазір ғарышқа ұша алатын Тоқтардан басқа еш қазақ жоқ деді. Сондықтан осылай деп шештік». Мен «жоқ» деп сіресіп тұрып алдым. Сол кезде Нұрекең: «Тоқтар, дәл маған бұл керек емес. Президентпін. Бұдан артық не армандаймын. Саған да керек емес. Жетер жеріңе жеттің. Бірақ ол қазаққа керек. Отыз жыл бойы халықтың аңсаған арманын жүзеге асыруға мүмкіншілік туып отыр» деді. Халқым үшін келістім». Тоқтар Әубәкіров қырық бес жасында ғарышқа ұшты.Ол қазақ халқының көптен күткен арманын орындады.Ғарышкер өзін «Мен бақыттымын»дейді. Халық Тоқтар Әубәкіровті жоғары бағалаған. Ол «Халық қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы »атағы, «Кеңес одағының батыры» атағы т.батақтар иесі болды. Халық қаһарманы өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл –кеңесін де береді. Оның айтуынша,оқымай, алға қойған мақсат-мұратына қол жеткізу қиын. «Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін көп оқу керек. Әр адам өмір бойы терең білімге ұмтылу қажет.Үлкен жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін де оқуды, жаңаны меңгеруді тоқтатпаңдар. Мен жоғары жетістіктерге жету үшін, күндіз-түні оқыдым. Бұл сөздері мен үшін үлкен мағына береді. Мен де Тоқтар ағамыз сияқты ақылды болып өскім келеді.Ол үшін мен көп оқимын, еңбектенемін. Мен де өз елімнің, жерімнің мақтанышы болғым келеді. Тоқтар ағамыз айтқандай: «Бүгінгі таңда жастарға ең керегі ол-білім. Өзгеден тек білім арқылы оза аламыз. Қазір бәрі де жеңіл. Кітап түгіл, ұялы телефонның өзінен кітап оқуға болады. Мүмкіншілік көп. Тек дұрыс пайдалана білу керек». Осы сөздің жаны бар. Қазақстанның болашағы жастарда, сондықтан болашақ жастар білімді, мәдениетті, көп тілді игерген болу керек. Мен өз құрдастарыма, Қазақстан жастарына айтатыным: «Біз Қазақстан азаматтарымыз. Ешқашан өз елімізге кір келтірмеуіміз керек. Тоқтар Әубәкіров сияқты азамат болып, Қазақстан еліміздің мәртебесін жоғары көтеруіміз керек». Қазіргі кезде 70-тегі Қаһарман – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қалаулысы. Елімізде туындап отыратын күнделікті мәселелерге белсене араласып, олардың оңтайлы шешілуіне үлесін қосуда. Өз ой-толғауымды мына мына өлең жолдарымен қорытамын:

Арман  қуып  жасынан,
Көктен  көзін  алмаған
Ұшқыш  болды  жас ұлан,
Аспанда  еркін   самғаған.
Бабасынадай асауға
Салған  құрық – бұғалық.
Ұшақтарды сынауға
Артқан  еді құмарлық.
Самғап  ұшу аспанда
Қауіпті еді, қаталды.
Ерлігі  елден  асқанда,
Ол  ғарышкер  атанды.
Талай  істе  ғажап, тың,
Туған  ұлы қазақтың,
Тұңғыш  ұшты  ғарышқа,
Қаһарманы қазақтың!

Кадауова А.С.,
№59 ЖББОМ-тің қазақ тілі мұғалімі,
Қарағанды қаласы

 

3 комментария

  1. Тура осындай жұмысты қалай аталады және ол кисиге мен деп ойла әні мен сөзі бар мақалалар жазды ма әлде қайда жоғары оқу орындарының

  2. Тура осындай жұмысты қалай аталады және ол кисиге мен деп ойла әні мен сөзі бар мақалалар жазды ма әлде қайда жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы ретінде пайдалану арқылы білім берсе ғой деп ойлаймын себебі бұл мен үшін үлкен қуаныш алып келеді екен ғой қалада ондай жан рухани байлық бар болса сайтта тіркелу үшін үлкен жетістік болып келеді

  3. Жексенбек Айша

    Осындай бірак Таразга бол ма? Өтініш

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.