Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.Туған жер –әр адам баласының шыр етіп дүниеге келген жері. Сол себепті туған өлкемізге, оның мәдениеті мен салт –дәстүріне ерекше құрметпен қарау –шынайы париотизмнің белгісі. Патриотизм әр азаматтың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігіне басталатыны мәлім.
Мен өз оқушыларыммен «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мұражайына саяхат жасадық. Оқушылар ұлы ағартушының көне мұраларымен танысып, кейбір оқушылар келешекте ғылыми жоба жасамақ ойларымен бөлісіп, біраз мәлімет алып қайтты.
А.Т. Бигазина,
№122 орта мектебі мұғалімі