Әр жанға ыстық екен туған елі,
Қосамын әр күн сайын жырға сені.
Ауаңды жұтқан сайын кеудем толып,
Шаттық пен қауышамын тауға шығып,
Гүл терем Алатаудың бөктерінде,
Жүремін асқақ арман жетегінде.
Кетсем де арман қуып басқа елге
Сағынышпен оралам туған жерге.
Сағынамын елімнің жанын да,
Маңыраған малға толы жайлауын да
Жырға қосам елімнің байлығын мен
Мерейің үстем болсын жерім менің!
Рецензия: Оқушының өлеңі тексерілді, кемшіліктерін талдап, түзету жұмыстары орындалды. Оқушының Отанына, туған жерге, еліне деген ыстық сезімін білдіреді. Өлең жолдары ұйқасымды, жеңіл, түсінікті. Жерге, елге деген махаббатын өлең жолдарымен көрсете білген.
Рауанбану осы туындысынан кейін де басқа туындылары жарық көрсін деп айтамын. Тексерген, кеңес берген мұғалімі және сынып жетекшісі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Оразаева К.К.
Исаханова Рауанбану,
№5 мектеп-гимназиясының
7 «Г» сынып оқушысы