Home » Жас қалам » Туған жер

Туған жер

Менің туған жерім, Отаным – Қазақстан Республикасы. Әр адамның өз туған жері, кіндік тамған жері болады. Біздің еліміз бақытты, осындай кең байтақ жеріміз бар. Менің туған жерімде көптеген жер байлықтары, өзен, көлдер, таулары керемет халқы бар. Қазақ халқы туған жерін қашанда ардақтап отырған, «Кіндік қаным тамған жер», «Туған – жерім тұғырым» деп мәтелге айналдырған. Атақты Бейбарыс сұлтан жас кезінде тұтқынға түседі де жат-жерде өмір сүрген екен. Соған қармастан қарамастан қартайғанда жусанның иісін сағынып, туған еліне оралыпты. Туған жері, елі үшін қазақ батырлары өмірлерін аямаған. Менің атым – Санжар. Мен Астана  қаласында Есілдің жағасында дүниеге келдім. Осы жерде біздің туған еліміз бен жерімізді қорғаған – Керей мен Жәнібек, Абылайхан, Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қасымұлы Кенесарыхан өмір сүрген. Осы бабаларымыздың атымен Астана қаласында көшелер бар. Қазақ халқы ата-бабаларымыз ежелден аңсап келген Тәуелсіз еліде тұрып жатырмыз. Біз халқымыздың болашағымыз.

«Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас!» демекші әр адамның өз туған жері ыстық.

Аралтай Санжар

Астана қаласы, №84 мектеп-лицейінің

4 «Ә» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.