Home » Мақалалар » Туған жер – тұғырым

Туған жер – тұғырым

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген белестердің бірі — «Туған жер» бағдарламасы. Ол туған өлкені құрметтеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуды көздейді.

Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыздың аңсап өткен тәуелсіздігіміздің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені бабаларымыз ұлан байтақ жерімізді қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар осындай текті ұрпақтан екендіктерін сезініп «Туған жер» деген ұғымды саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Жаңарудың негізі жастар болып табылады. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің рухани жағдайын дамытып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру халықтың білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Көкшетау қаласының №2 орта мектеп-лицейі «Туған жер» бағдарламасы аясында арнайы экскурсия ұйымдастырды. Оның құрамында біздің мектебіміздің әкімшіліктері, тарих пәндерінің мұғалімдері және оқушылар болды. Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданы – ел тарихында із қалдырған ұлы тұлғалар мекені. Мұнда Қарасай батыр мен Ағынтай батырдың мемориалдық кешеніне, Ш.Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық музейі және Айғаным ханымның қонысына саяхат жасадық. Бұл өлке – әйгілі қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Уәлихановтың ата қонысы. Оқушыларға бұл экскурсия саяхатымыз өте ұнады, ерекше әсермен оралды. Бұл саяхатымыз алғашқы емес. Мәселен, 2015 жылы, казақ хандығының 550 жылдығына байланысты кәсіподақ ұйымының қолдауымен Кенесары ханның үңгіріне және Абылай-хан алаңына саяхат жасалды. Мектеп оқушыларына туған өлкені зерттеп, ғылыми жобалар жазуға, шығармашылық жұмыстарды дамытуға үлкен мүмкіндіктер туды. Біздің мектебіміздің оқушылары туған жер тарихын зерттеп «Бабаларымыздан қалған асыл мұраларының бірі – мөр» атты ғылыми зерттеу жұмысымен облыстық сайысында І дәрежелі дипломға ие болды. Республикалық ғылыми-зерттеу конференцияда І дәрежелі дипломға ие болды. Бүгінгі күні Д. Махашов «Мәңгілік елдің байрағы» атты ғылыми жобасын облыстық деңгейде қорғауға дайындалуда, жетекшісі – тарих мұғалімі А. Купеева. Сонымен қатар, өлкетану бағытында жерлесіміз Рено Жуманованың шығармашылығы туралы ғылыми жұмысымен Жанайдарова Айдана облыстық сайыста ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Мектеп басшысы Г. Абдыкасымова мектеп әкімшіліктері «Туған жер» бағдарламасы аясында жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беруде, шығармашылығын дамытуға жүйелі түрде жұмыстарды ұйымдастыруда.

 

Г.Қ. Өмірбек

№2 орта-мектеп лицейі

тарих пәні мұғалімі

Көкшетау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.