Home » Балабақша » Туған жер, бөбегіңнен АЙНАЛАЙЫН!

Туған жер, бөбегіңнен АЙНАЛАЙЫН!

Үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде Астана қаласындағы №24 «Айналайын» балабақшасында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық сананы қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар Отаны үшін мақтаныш сезіміне толы, жан дүниесі табиғатпен үйлесімдікте өмір сүретін, қоршаған ортаға қатысты өз іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалай алатын жаңа экологиялық санаға ие адамды қалыптастыруды мақсат еткен.
Семинарға Әділет Кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Наурузбаева, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.Ибраева, Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.Нұғман, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры М.Курманбаева, Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, аудармашы О.Жанайдаров, Халықаралық экология академиясының президенті, технология ғылымдарының докторы, профессор М.Дуамбеков, «Қазақ психология қоғамы» республикалық психологиялық қоғамдастық бірлестігі Астана филиалының директоры М.Тойшыбекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжинеринг кафедрасының аға оқытушысы Ж.Рақымжанқызы, «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ Вице-Президенті К.Джазбаева, «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газеті тілшісі, сондай-ақ,
№9 «Нұршашу» балабақшасы МКҚК меңгерушісі Б.Малибаева, №6 «Көктем» балабақшасы МКҚК меңгерушісі А.Кусаинова, №58 «Өркен» балабақшасы МКҚК меңгерушісі Л.Дюсенгазина, №29 «Ақ қайың» балабақшасы меңгерушісі Л.Рахимжанова және серіктес балабақшалардың әдіскерлері қатысты.
№24 «Айналайын» балабақшасының меңгерушісі Клара Макишева семинар шымылдығын аша отырып, оны өткізудің мақсат-міндетін, балабақша қызметкерлері мен өскелең ұрпаққа берер пайдасын тілге тиек ете келе, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Одан соң семинардың өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болған аталмыш балабақшаның әдіскері Ә.К. Сұлтанғазина «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық сананы қалыптастыру» атты тақырыптағы тағылымды тренингімен бөлісті.
Семинардың теориялық бөлімінде профессор М.Дуамбековтің «Бала тәрбиесі және экологиялық мәселелер», жазушы  журналист, ақын, аудармашы О.Жанайдаровтың «Көркем әдебиет арқылы экологиялық тәрбие беру», «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және  психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры М.Курманбаеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде «Туған жер» бағдарламасының маңыздылығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері А.Аққуова, А.Жақыпбекованың «Дала жусаны туралы аңыз» атты тақырыптардағы баяндамалары тыңдалды.
Кофе-брейктен кейін жалғасын тапқан семинардың практикалық бөлімінде №24 «Айналайын» балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі С.Жубатова «Қызыл кітаптың құпиясы» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетсе, аталмыш балабқшаның педагог-психологі А.Дуамбекова психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Балабақша бүлдіршіндерінің әуелете салған әсем әндері мен мың бұралған билерінен соң балабақша меңгерушісі Клара Макишева адамгершілік-патриоттық тәрбие беру бағытында жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.
Семинар соңы пікір алмасумен қорытындыланды. Клара Боранбайқызы басшылық ететін балабақшада өткен педагогтардың біліктілігі мен білімін арттырып, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін айтулы шарадан қатысушылардың көңілге түйгені көп болды. Балабақша ұжымына редакция атынан мол бақыт, зор жетістік тілейміз!

 

Гүлжазира ЕРТАСОВА,
«Білім айнасы» газетінің
Бас редакторы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.