Home » Балабақша » «Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты құралы

«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты құралы

(Баяндама)

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің былтырғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Президент патриоттық сезімнің адамның кіндік қанының тамған жерінде бастау алатындығын жеткізген. Осыған орай, қазақ елінің кез-келген аймағы тарихи құнды жәдігерлерге толы. Ел тарихы терең зерттеуді, сол жәдігерлерді жастардың, ұрпағымыздың санасына сіңіруді талап етеді. Бұл үшін қарт-қарияларымыз бен зиялы қауым тәлімді тәрбие арқылы қазақтың қара домалақ балаларына бере алса құба-құп.

Қазақта «тәрбие – тал бесіктен» деген сөз бар, яғни баланың бойына отансүйгіштік сезімді сіңіру отбасынан бастау алатындығын осы мағыналы көркем сөзден-ақ білуге болады. Ал, қазіргі заманда ата-анамен қатар  балаға мұндай қасиеттерді бойына сіңіретін мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері. Тәрбиешілер мен ұстаздар Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасының маңыздылығын терең түсініп, ақырындап балаларымыздың санасына сіңіре білсе нұр үстіне нұр болар еді. Иә, бұл тұрғыда еліміздің барлық мектепке дейінгі мекеме ұжымы өз деңгейінде еңбек етіп келеді.

Осы орайда, біз өз жетістіктерімізді айтар болсақ, мекеме меңгерушісі Г.С.Иманбердиеваның басқаруымен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы МКҚК ұжымы көптеген іс-шаралар атқаруда. Мәселен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ақпараттық сессия, ашық оқу қызметтері мен сенбіліктер, туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуда ұйымдастырылған балалар туындысының көрмесі, «Отбасы-рухани жаңғыру негізі» атты отбасы мен қызметкерлер арасындағы спорттық жарыс, «Туған қалам — Таразым» сурет көрмесі, «Біздің Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан» мерекелік ертеңгілік тәрбиелік, танымдық мән-мағынасы терең атқарылған іс-шаралар деуге әбден болады.

«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.  Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» — деп Елбасымыз былтырғы мақаласында көрсеткендей, біздің туған өлкеміз – Тараз қаласы екі мың жылдық тарихымен ерекшеленетін көне шаһарлардың бірегейі. Сондықтан да Мемлекет басшысының «Туған жер» бағдарламасын енгізіп, бұл арқылы бала жүрегіне отансүйгіштік сезімдерді ұялата білсек біздің мақсатымыздың нақ орындалғандығы.

 

К.Н.Бердигулова,
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
№42 «Жұлдыз» бөбекжай- бақшасы МКҚК әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.