Home » Ашық сабақтар » Туған жерім! Құрмалас сөйлем

Туған жерім! Құрмалас сөйлем

Сабақтың жалпы мақсаты:

Өз туған жері туралы білімдерін толықтыру, пысықтау, сөйлесе алу, сын тұрғысынан ойлауды, белсенді танымды дамыту, өз ойын еркін жеткізу, құрмалас сөйлемді ажырату, құрай алу, талдауға дағдыландыру, туған жеріне деген сүйіспеншілікті, патриотизмді тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже: сөздік қорлары белсендіріледі, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттерін қолданады, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады, сөйлеуде, жазуда қолданады.

Сабақтың типі (тегі): пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдіс- тәсілдері: мұғалімнің сөзі, «ыстық орындық», сұрақ- жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, ой қозғау, Блум таксономиясы, 3 минуттық эссе, 5 жолдық өлең; ізденіс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың жабдықталуы: оқулық, қанатты сөздер, интерактивті тақта, қима қағаздар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы

I Кіріспе бөлім: 1. Психологиялық жағдай жасау: 1- слайд (оқушылар хормен айтады)

Жақсы баға аламыз,
Білімнен ләззат табамыз.
Өнер, білім мол болсын,
Дами берсін санамыз!

  1. Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, себебі ол тілдер апталығында өтіп жатыр, тіл мерекесіне арналады. Бұл сабақ мемлекеттік тіл құрметіне арналады, сондықтан білетіндеріңді ортаға салып, іс жүзінде қолданыңдар. Іске сәт!

(оқушылар дәптерлеріне күн, ай, тақырыпты жазады )

2- слайд: «Ыстық орындық» әдісі

Кезекшіге сөз: ол 2-тапсырманы орындағанын көрсетеді, қалғандары тексереді («+» белгісі арқылы өз-өзін бағалайды) – салалас құрмалас сөйлемді құрап келді).

— 1-т. 7- бет: сұрақтарды сыныптастары қояды, кезекші жауап береді

IІ Негізгі бөлім: Блум таксономиясы арқылы өтеді.

3- слайд: І Білу: Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Туған жерің Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
  2. Туған жеріңде қандай өзен, көл бар?
  3. Туған өлкеңде қандай оқу орындары бар?
  4. Сен қай мектепте оқисың? Ол қайда орналасқан?
  5. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Бұл қандай сөйлем?

4- слайд: ІІ Түсіну: 3 минуттық эссе

Неге қазақ халқы: «Туған жердей жер болмас …» дейді?

5- слайд: ІІІ Талдау:

Оқулықпен жұмыс: 13- беттегі 5-тапсырмадағы мәтіннен туған жер туралы сөйлемдерді теріп жаз (1 оқушы интерактивті тақтада осы сөйлемдердің ішінен құрмалас сөйлем тауып жазады, синтаксистік талдау жасайды)

6- слайд: ІV Қолдану:

Сөйлемді аяқта:

  1. Туған жерге саяхат жасап, …
  2. Отанымның табиғатын мақтаныш етемін,
  3. Өз еліңнің патриоты болу үшін,…

7- слайд: V Жинақтау:

Сөйлемдерді оқы, өз атыңнан, І жақтан әңгімеле

Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық еш нәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Қайда жүрсең де, өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерде сенің балалық шағың өтті. Әрине, жас кезіңде жер бетін аралағың келеді. Бірақ өз туған еліңді ұмытпа!

8- слайд: VI Бағалау:

Қалай ойлайсыңдар, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай көркейту үшін не істеуіміз керек? (әр оқушы бір сөйлемнен, қайталанбау керек)

ІІІ Қорытынды бөлім:

  1. 9- слайд: оқы, түсінгеніңді айт, ойыңмен бөліс

Мәңгілік ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстап, Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата берейік!

(Н. Назарбаев. «Тәуелсіздік толғауы»)

2.Үйге: «Мен – патриотпын» атты ой-толғау жазу (құрмалас сөйлемді қатыстырып жаз)

3.Бағалау: (бағалау парағы арқылы)

Аты-жөні2-т

281-

бет

1-т.

7-бет

І қад.

Сұрақ

ІІ қад.

Эссе

ІІІқад

Сөй

лем.

Ivқад.

Аяқта

Vқад.

1-жақ

тан

айт

VІқад.

Айты

лым

 

Қорыт.

Баға

1Баранова Алена         
2Булатов Диас         
3Ерсаинова Айнаш         
4Жамшитова Диана         
5Кинаятова Қамила         
6Тезекбаева Айнаш         
7Тюлендинова Сания         

 

  1. Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Н.Б. Қожахметова,
Казанка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.