Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж Қызылорда –
1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады. 1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда деген атпен беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті. Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды. 1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағын аудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпалы тие бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар — өлке тарихына еніп, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 200 жылға жуық кезеңінде оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдарияның жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді. Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор – Ташкен темір жолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарасқа қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан келген деген деректер бар. “Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек”, — деп жазды С.Қожанов “Ақжолдың” 1924 жылғы 17 желтоқсанындағы санында. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шарлар іс жүзінде істелуі қиын”. Перовск станциясы темір жол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді. Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поезы Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер ақйраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын. Бұл съезге Қазақ Республикасының қарауына кірген Қарақалпақ Автономиялы облысының өкілдері бірінші рет қатысты. Қарақалпақ делегаттарының бірі Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің батыс жағасындағы “Қызыл қайың” ауылында 1899 жылы туған. Ол бірқатар жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек жазықсыз сталиндік қуғын-сүргіннің құрбандығына ұшырады. Құрамында Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет поезын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларының жұртшылығы қарсы алып, көп адамды жиналған митингілер ұйымдастырылды.
Ақмешіт станциясында орасан зор митингі болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанның жаңа астанасының жұмысшылары мен интеллигенциясы қызу құттықтады. Қала жастары атынан Әбділда Тәжібаев сөз сөйледі. Сонымен, 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды. Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы қабылдады. Соынмен бірге, съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды. Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізгеннен соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді. Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты қазақтың эпидемиолгия жәнек гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ, ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын.
Шиелі ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3239755 га.
Шиелі ауданы — ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты « Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке – Қызылқұм.
XX ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.
1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.
Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 41 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.
Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады.
Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 77121 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 30459 адам, ауылдық елді – мекендерде 46662 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 95,7 пайызын қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,4 пайызын корей ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды.
Аудан бойынша 47 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан.
Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, «Жеңіс» мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар, 2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей мәдени қызмет етуде.
Ауданда 40 мектеп (оның 32 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 19 – ы типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 20 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.
Ауданда 23 СТК – дан бөлек 4 саяси партия өкілдіктері, 15 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары, 6 діни, 2 жастар қоғамдық бірлестіктері бар.
Әлеуметтік-экономикалық паспорты[өңдеу]
2011 жыл 1 шілдеге
АУДАННЫҢ АУМАҒЫ 3239755 га
Елді мекендердің аумағы
Шиелі кенті 3687 Ауылдық округтер Ақмая 12965 Ақтоған 105328 Алмалы 2965 Бәйгеқұм 3382 Бестам 4875 Гигант 21592 Жанатурмыс 19479 Еңбекші 498609 Жиделіарық 2753 Жөлек 70805 Жуантөбе 6614 Иіркөл 19652 Керделі 7095 Қарғалы 418902 Майлытоғай 92658 Сұлутөбе 608075 Қоғалы 415176 Талаптан 416641 Тартоғай 338832 Телікөл 84726 Төңкеріс 15972 Ортақшыл 68972
Аудан жерлерінің санаты: • ауылшаруашылық жерлер — 192540 га • елді мекендер жері — 61646 га • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа жерлер- 4376 га • орман қорының жері — 1663265 га • су қорының жері — 18545 га • бос жерлер — 1486543 га
Халық саны[өңдеу]
Аудан халқы: 77121 адам. Этникалық құрамы: -қазақтар -73789; -орыстар — 1500; -корейлер — 1110; -шешендер — 70; -украиндар – 76; -басқа ұлттар — 576.
Іргесі 1952 жылы алма, жүзім көшеттерін жергілікті жерде өндіретін «питомник» ретінде қаланған. 1992 жылға дейін «Плодоягодное» деп аталған. 1976—1996 жылдары «Шиелі» жеміс-жидек кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Алмалыда және округке қарасты «Орман шаруашылығы» елді мекенінде, ғ20 және ғ21 темір жол айырмаларында ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды. [1]
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Шиелі ауданының Алмалы ауылындағы №181 орта мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары күн және жел батареясымен жұмыс жасайтын қондырғы арқылы таза ауызсу ішіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы:» Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З. — 304 бет.
- Сыр елі. Қызылорда обл. энциклопед. — Алматы, 2005. — 496 б.
- 3. Сырдария (Тереңөзек) ауданы. — Алматы, 2009. — 18 б.
- 4. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. — Алматы, 1996. — 36 б.
- 5. Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесінің мәліметі.
Ыдырысова Ұлдана №181 орта мектебінің 8 сынып оқушысы,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Алмалы ауылы
Жетекшісі: Әбсұлтанова Роза Қанапияқызы
№181 орта мектеп «Тарих» пәнінің мұғалімі,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Алмалы ауылы