Отан дейміз — от жаққан жерімізді,
Отан дейміз — өсірген елімізді.
Отан дейміз — туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан!
Менің Қазақстаным – Еуразия жүрегіне сыйған, кең байтақ даласы мен елі бар қасиетті Отаным. Кіндік қаным тамып,алғаш қаз — қаз қадамым тиген жер — осы қазақ жері.
Менің отаным – Қазақстан… Осы бір сөзді кімде кім ерекше толғаныспен, жүрегімен, бар ниетімен айтатын секілді. Сөз мағнасы, терең ойына көз жүгіртсек, осы үш ауыз сөзге бар қасиет, бар құдірет сыйып тұр. Еліміз тәуелсіздікке күні кеше ғана аяқ басқандай, бірақ қазағымыз күннен – күнге өсіп, гүлденіп, жайнап тұр.Қанатын қағайын деген сарыауыз балапандай жаңа қанат көтеріп, аспанға самғаған болашақ қыран – еліміздің даму барысын осылай сипаттауға болады.
Табиғаты әсем, арайлы таңы алтын өлкем – Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы, алтынсарин елді мекенінде дүниеге келдім. Мақтарал – мен үшін ең керемет, ең әсем, ең таңғажайып қала. Мақтаралдың тарихы өте бай. Аңызға белгісіз әңгімелері мен оқиғалары да сан алуан Ұлы Жібек жолы біздің топырағымызды күміс белбеудей орап өтеді. Күні кешегі түркі елінің Тамирис ханы атанған ақылды да парасатты, көркі де елдікті ту ұстаған әйел патша осы өңірдің азаматтарынан өз жасағының құрамына сарбаздар алған дейді және бір көнеден жеткен аңыз.Қазірде ауданның бүкіл жанына нәр таратып жатқан, су жүйелерінің күре тамыры болған Достық (Бұрынғы Киров атындағы) каналын алғашқы қазушылар құрамында белгілі ақын Ілияс Жансүгіровтың інісі канал құрлысын басқарған.
Қасиетті де ардақты азаматтардың Мақтарал жеріне келіп, аяқ басқаны бұл жердің тегін еместігінен дәйек береді. Бертін келе, осы аудан көлемінде алғаш рет Мақтарал мақта шаруашылығы құрылуына орай, Түркістан Жер шаруашылығы халық комиссары қызметін атқарып жүрген айтулы арыстандарымыздың бірі – Сұлтанбек Қожанов канал қазушылардың бір тобымен кездесіп, олардың талап тілектеріне құлақ асып, мақтаның аса бағалы шикізат екендігіне басты назар аудара отырып, сол каналдың тезірек іске қосылуына өзінің тілегін арқау еткендігін кейінгі ұрпақтың өзі естуіне тура келді. Бұл да — тарих.
Еліміздің ең Оңтүстік қиырына орналасқан бүгінгі Мақтарал ауданының тарихы бай әрі күрделі өткені бұл ауданда талай тағдыр өз — тіршілігін жасап,елге жерге танымал болды. Мұнда кешегі соғыста батырлықпен көзге түсіп, батыр атанған,бейбіт тіршілікте адал еңбегімен ер атанған қаншама абзал, әзіз жандар өсіп жетілді. Бұл баға жетпес байлық.
Аудан өткен ғасырдың 70- жылдарынан бастап, мақта шаруашылығында жоғары технология және талапқа сай агротехникалық іс шаралардың жүзеге асуы өз деңгейінде атқарылып, өнімділіктің артуымен ерекшеленеді. Ауданда мақта, мал шарушылығы,білім,денсаулық сақтау саласына келетін болсақ көп қабатты медициналық емдеу орнының ғимараты салынып, пайдалануға берілді.Бұл ғимараттар кентте әлі күнге дейін сән беріп тұр. Аудан орталығы Жетісай қаласы тоқсан долдың торабына орналасқан. Ташкент пен Жызақты жалғастырып жатқан үлкен трасса қаланың ортасынан тіліп өтеді. Шығыс жағында орта Азия темір жолының бір торабы Қарақалпағыстан, Өзбекістан, Қырғыстанды жалғастырып жатыр.Қала Достық каналының жағасына орналасқан. Жетісай қаласының тарихына көз салатын болсақ, 1959 жылы Жетісай поселкесі аудан орталығына айналды. 1969 жылы Жетісай қаласы статусын алды. Қаланың тоқсан жолдың торбына орналасуы ондағы тұрғындардың сауда ісімен айналысуына үлкен септігін тигізді. Жетісай қаласындағы базар бүгінгі күні Қазақстанның оңтүстік бөлігі ғана емес,көрші орналасқан өзге республикалардың шекаралас аудандары үшін де орталық базарға, еркін экономикалық аймаққа айналып отыр.
Мен өз елімді,жерімді өте — өте мақтан тұтамын. Еліме деген шексіз махаббатымды тек сөзбен жеткізу, әрине оңай емес. Менің отаным — Қазақстан. Мен елімнің патриотымын. Егеменді еліміздің болашағы салауатты да, білімді жастардың қолында деп ойлаймын, яғни біздің қолымызда.Мен өзім болашақта еліме,халқыма қызмет көрсетіп, елімнің одан әрі тек қана биіктен көріне беруіне,елу елдің қатарында болуына өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан мен мектеп қабырғасынан бастап жақсы оқуға тырысып жүрмін. Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан» деп, мен де Отанымның өсіп гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Өйткені Қазақстанның болашағы мен сияқты,жастардың қолында. Ол үшін мен сияқты жастар жан — жақты дамыған,қабілеті мол,білімді болуы керек.
Мен болашаққа сеніммен қараймын.Қазақстан бүгінгі күнде әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады. Сондықтан мен, Қазақстанды әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Қазақстан туы биікте желбірей берсін! Жасай бер, Қазақстан!
ОҚО, Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, Алтынсарин е/м,
№ 96 Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы орта мектебінің
7 «Ә» сынып оқушысы
Қантбек Аяжан,
Жетекшісі: Ақылбекова Назира