№114 орта мектепте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге тағзым!» акциясы өткізілді. Акцияға облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев ата өз замандастары, Байзақ, Мөңкебай, Оспан, Сақы, Оспан аталарымыз келіп, осы ауылымыздың тарихымен мектеп түлектері таныстырып өтті. Облыс орталығынан мектебіміздің ардегері Іздібаева Әсем, Еспанова Кеншім, Омарова Роза, Серікбаева Жаса апайлар келіп туған жерлері мен мектеп тарихтары туралы айтып, оқушыларға ізгі тілектері айтылды. «Туған жерге тағзым!» акциясына №114 орта мектебінен мектеп бітірген алғашқы түлектері 1959 жылғы туылғандардан бастап 2000 жылғы туылған мектеп түлектеріне, ардагер ұстаздарға, осы мектепті басқарған директорларға шақыру қағазы таратылып шақырылды. Мектеп директорының «Туған жерге тағзым!» тақырыбындағы шараны ашуға берілген тілегінде мектеп оқушыларының білімнен, спорттан, алған Республика, облыс көлемінде алған жетістіктерін атап өтті. Осы орайда спорт, қолөнер жеңімпаздарының шеруі жүріп өтті. 9 сынып оқушылары Е.Өмірсерік пен Г.Мамырбай «Ауыл тарихы, ел тарихы» атты жобаларында ауылдың, мектептің тарихымен таныстырып өтті. «Туған жерге тағзым» атты кездесуіміздің мақсаты осы ауылдың құрылғанынан бастап білетін ардагерлеріміздің, алғашқы түлектердің өскелең ұрпақтарымызға ауыл тарихынан естеліктер айтып елін сүюге, туған жерін сүюге, қастерлеуге патриоттық тәрбие беруге насихаттау.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова мектеп ұжымына, шәкірттерге тілегін білдіре отырып, мектебіміздің үздік мұғалімдері Р.Нұрмахановаға, К.Базарбаеваға, Н.Искаковке, А.Үргенішбаеваға және М.Жусуповаға өзінің сыйлығы қол сағатын табыстады. Мектеп директоры және осы мектептің түлегі М. Жусупова отбасымен 60,000 теңге көлемінде Қазақстан Республикасы картасы бетінде Қазақстан қалалары бейнеленген «Рухани жаңғыру» макетін мектепке сыйға тартты. «Туған жерге тағзым!» кездесу кешіне келген қонақтарымыз туған елдеріне келіп, мектебіне келіп өздерінің зейнеткерлікке шыққан ұстаздарымен кездесіп, ата-аналарымыз жүріп өткен жолдарын еске алып, үлкен рухани азық алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді. «Туған жерге тағзым!» кездесу барысында мектеп оқушылары мен мектеп түлектері бағдарлама жүргізілді. Мектебіміздің 2005 жылғы мектеп түлегі Досмаханов Жанболат Қызылорда қалалық «Жастар ресурстар орталығының директоры» кеш соңында ауылдық клуб үйіне «Туған жерге тағзым!» атты концерт ұйымдастырды. Акция барысында 1959-2000 жылы туылған түлектердің арасынан 200 түлек қатысып, түскен қаржыға мектеп «АКТ» залы жабдықталды. Біз түлеп ұшқан мектебімізді мақтан тұтамыз.
Баймаханова Назерке Тәжетқызы,
№114 орта мектептің
Информатика пәні мұғалімі
Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы,
Каракеткен ауылы.